ХІІІ Президенттік олимпиада жеңімпаздары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХІІІ Президенттік олимпиада жеңімпаздары
14
декабрь
2020

ХІІІ Президенттік олимпиада жеңімпаздары

     ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика, физика, биология және химия пәндерінен президенттік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағытта дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, білім-білігі мықты талантты жастарға жағдай жасай отырып, патриоттық рухын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру. 
   Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған ХІІІ Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі аяқталды. Олимпиадаға республиканың жалпы білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған биылғы оқу жылының түлектері қатысты. Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерінде төрт пән: математика, физика, химия және биология бойынша тапсырмаларды орындады.
   № 178 лицейдің 11 сынып оқушылары осы сынға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мұхамеджан Салтанат – І орын иеленсе, Құсайынов Бексұлтан мен Абдумалик Махаббат – ІІІ орын иеленді. Шәкірттерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: