Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы
18
май
2020

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы

      Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы екі турда өткізілді: 1 тур – 23 сәуірде; 2 тур – 29 сәуірде. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға ынталандыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру.
     Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 7-8 сыныптарда қазақ және орыс тілдерінде білім алатын оқушылар қатысты. Олимпиадаға қатысушылар математика, физика, химия және биология пәндерінен барлығы 100 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады (әр пәннен 25 сұрақ, оның ішінде 10 тапсырма бір дұрыс жауап нұсқасымен; 5 тапсырма хронологияға; 5 тапсырма сәйкестікке; 5 тапсырма екі немесе одан көп дұрыс жауап нұсқасымен).
   Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасына 178 лицейдің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: