IV тоқсанның негізгі мәселесінің бірі — қашықтан оқу жағдайында жиынтық бағалау жұмыстарын алу » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » IV тоқсанның негізгі мәселесінің бірі — қашықтан оқу жағдайында жиынтық бағалау жұмыстарын алу
05
май
2020

IV тоқсанның негізгі мәселесінің бірі — қашықтан оқу жағдайында жиынтық бағалау жұмыстарын алу

Қазақстан Республикасының барлық білім беру ошақтарында 4-ші мамырдан бастап қашықтықтан оқыту жүйесіндегі бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын  алу бастады. Оқу жүктемесі аптасына екі сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша БЖБ алынуда. Бөлім бойынша жиынтық бағалау белгіленген кесте бойынша бөлім немесе ортақ тақырыптарды қамтып ұйымдастырылуда. Пәндердің ерекшеліктеріне сай жаратылыстану ғылымы үшін – бөлім бойынша; әлеуметтік - гуманитарлық пәндер үшін – ортақ тақырыптар бойынша; тілдік пәндер үшін – тіл қызметінің түрлері бойынша: сөйлеу және тыңдау, оқу және жазу қабілеттері бойынша алынған жұмыстар қашықтықтан оқытудың нәтижесін бермек. Атқарылған бір күндік нәтиже пән мұғалімдерінің кері байланысымен сабақтасуда.

















Мұғалімдеріміз - білікті шәкіртімен, шәкірттеріміз - нәтижелі білімімен мақтансын демекпіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: