02
декабрь
2020
"Сандық білім беру ресурстарын сабақта қолданудың тиімділігі" тақырыбында қоғамдық- гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі
2-12 желтоқсан аралығында "Сандық білім беру ресурстарын сабақта қолданудың тиімділігі" тақырыбында қоғамдық- гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі өткізіледі. Онкүндіктің мақсаты: сандық білім беру ресурстарының түрлерін сабақта қолдана отырып, оқушыларды АКТ-мен жұмыс жасай білуге үйрету, жеке шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, бүгінгі заманға лайықты жаңашыл тұлға қалыптастыру. Онкүндік барысында ашық сабақтар, шебер-сынып, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіледі. 2 желтоқсан күні онкүндіктің салтанатты ашылуы " Тәуелсіздік - тірегіміз, Қазақстан - жүрегіміз!" тақырыбына арналып, оқушыларды ұлтжандылыққа, ұлтаралық достыққа, тілге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге үлкен мән берілді. Жауапты мұғалімдер Ж. Битимбаева, А.Алсаева, Т.Бекболатоваға жоғары деңгейде өткізгендері үшін қатысқан әріптестері алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.