Физика – информатика кафедрасының онкүндігінің жабылуы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Физика – информатика кафедрасының онкүндігінің жабылуы
29
ноябрь
2020

Физика – информатика кафедрасының онкүндігінің жабылуы

    "ХХІ ғасыр - нақты ғылымдар ғасыры" деп елбасымыздың қойып отырған маңызды міндетінің негізгі салмағы жаратылыстану пәндеріне  бағытталған. Осы бағыттың бір бөлшегі  Алатау ауданы №178 лицейде 2020 жылдың 18-28 қараша аралығында жоспарланып өткізілген "STEM – әлемдік білім берудің басты тренді" атты физика – информатика кафедрасының онкүндігі болды.  Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу жолындағы талпынысымен сабақтасқан ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шаралар онкүндік беттерінің айқын тұстары іспеттес. Сондықтан да барлық іс-шаралар жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. 
     Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді. Физика-информатика кафедрасының мұғалімдері оқушының ойлау қабілетін және іс-тәжірибесінен туындайтын, оқу, тану әрекетін дамыту жолында шығармашылықтары мен шеберліктерін   ұштастыра отырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: