№2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері»
11
ноябрь
2020

№2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері»

№178 лицей жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 11-қараша күні «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті.

«Қашықтық оқыту жағдайындағы заманауи сандық технологияларды оқыту мен оқу жүйесінде қолданудың артықшылықтары» атты баяндаманы информатика пәні мұғалімі Бесенбекова Ләйлім жасады. Қашықтықтан оқыту форматында оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында сандық технологиямен жұмыс жасау арқылы әртүрлі дағдыларды қалыптастыру үшін көптеген (Bilimland-Онлайн мектеп, Twig-bilim,  LearningApps.org, тсс) ресурстарды атай келе, олардың артықшылықтарына тоқтала кетті. 

Педагогикалық кеңестің практикалық бөлімі «Сандық білім беру ресурсарын  виртуалды зертхана жұмыстарында қолданудың тиімділігі»  атты тақырыппен  физика пәні мұғалімі Жұмағұлова С.А., «Padlet-онлайн тақтасын құруға арналған тегін платформа» атты тақырыпта  физика пәні мұғалімі  Орынқұл И., «WEB 2.0 технологиясы педагогтардың біліктілігін арттырудағы ақпараттық құзіреттілігін дамыту құралы» атты тақырыпта физика пәні мұғалімі Рахметқан П. шебер-сабақтармен толықтырылды.
Сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дей отырып, ұстаздар өздерінің тұжырымды ойларымен бөлісті. 





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: