23
октябрь
2024
Халықаралық аспазшылар күніне орай 5-сынып оқушылары аспазшы апайларға өз ризашылықтарын білдірді.
Біздің асхана – оқушылардың да, мұғалімдердің де сүйікті орны. Аспазшылар дәмді әрі пайдалы, дәрумендермен байытылған тамақ дайындайды. Тамақтың иісі мұрныңды жарады. Асханада ұсынылатын тағам біздің тез өсуімізге, денсаулығымыздың мықты болуына пайдасы көп. Аспаздық – бұл үлкен шеберлік! Халықаралық аспазшылар күніне орай 5-сынып оқушылары аспазшы апайларға өз ризашылықтарын білдіре отырып, олармен бірге бәліш пісірудің шеберлік сабағын алды. Өз қолдарымен жасаған бәліштердің дәмін татып, ерекше қуанышқа бөленді.