«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны
10
июнь
2020

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны

«Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы дана, кемеңгер Абай айтқандай, бала – адамның бауыр еті, өмірінің жалғасы, көрер қызығы, артына қалдырар ұрпағы. Дүниеге келген әрбір адам өзінің соңынан саналы ұрпақ қалдыруға талпынады, өмірінің елеулі кезеңдерін бала тәрбиесіне арнап өткізеді.
Қазақ халқы үшін баланың, бала тәрбиесінің орны ерекше. Екі жас шаңырақ көтергеннен бастап, балалы-шағалы болып, ұрпақ өрбітсек деп тілейді.
Дәстүр-салтымызда баланы анасының бойына біткеннен бастап-ақ тәрбиелей бастайды. Жас келіннің жерік болған асын жер түбінен алып келіп, елдің тіл-көзінен сақтау, көзін жаман нәрселерге түсірмеу – соның нәтижесі. Ал, дүниеге келген баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіру, оған дұрыс тәрбие беру – ата-анасының, ата-әжесінің, қала берді бүкіл ауыл-аймақтың тікелей міндеті болған. Жас баланы әлпештеп өсіру, оң мен солын танытып, дұрыс тәрбие беру барша адамзаттың саналы мақсаты екені анық болса да, соңғы уақыттарда бүкіл әлем елдерінде бала құқығы тапталып жатқаны жасырын емес.
Осыған орай, 2002 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) жұртшылықтың хабардарлығын көтеру және бала еңбегі мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында 12 маусымды Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні деп жариялаған болатын. Алғаш 1997 жылы Амстердам мен Ослода балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен күресу мақсатында өткен халықаралық балалар еңбегіне қатысты сұрақтар талқыланған конференция арқылы көтерілген бұл бастама арқылы көптеген жұмыстар атқарылды, ал 12 маусым – халықаралық балалар еңбегіне қарсы күрес күні деп аталып, жыл сайын тойланып отыратын болды.
Елімізде де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқан жариялаған болатын.
Алматы қаласы, Алатау ауданы ауданы, № 178 лицейде
7-8 сынып оқушылары арасында «Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыбында балалардың құқықтарын қорғау, бала еңбегін қанауға жол бермеу және олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық,көркемдік ойлау дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған онлайн форматта іс-шара және сурет байқауы ұйымдастырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: