« Мектепке жол » акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июль
2019

« Мектепке жол » акциясы

Қазакстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 4-шілдедегі №3-15-3/2317 хатын орындау негізінде 05 шілде мен 30-қыркуйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекке балалардың мектепке келмеу жағдайларының алдын алу аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке!» ұранымен акциясын өткізуде. Осыған орай мектеп әкімшілігі аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек қол-ұшын берулеріңізді сұрайды. Мемлекетіміздің болашағы – ұрпағымыздың салауатты, саналы болуы үшін жақсылық жасаудан, игілікті істер атқарудан бас тартпайық. «Балам дейтін елі болса, елім дейтін бала болар».
Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ықшамауданының Суаткөл көшесі № 41 мекенжайы бойынша орналасқан «№178 лицей» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 оқу жылында жалпы саны 2311 оқушы оқиды, оның ішінде 12–ға жуық бала жартылай жетім, 51-ға жуық бала көп балалы отбасынан шықса, 4 бала тұл жетім ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.
«Балалардың алғысы сіздердің отбасыларыңызға алланың нұры боп жаусын, қайырымды жандар!»-деп мектеп ұжымы алғысын білдіреді.
« Мектепке жол » акциясы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 январь 2017 "Қамқорлық" акция