Үйірме жұмыстары: ШАХМАТ » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2020

Үйірме жұмыстары: ШАХМАТ

     №178 лицей 5-11 сынып оқушыларының арасында "Шахмат үйірмесі" жүйелі жұмыс жасайды. Жетекшісі – Амонбоев Сино.
    Шахмат – ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.
     Шахмат несімен пайдалы?
  – Жастайынан бала өздігінен шешім шығарып, өтіп жатқан әртүрлі оқиғаларды логикалық тұрғыдан бағалай біледі. Қарапайым сұрақтарға да ересек адамдарша жауап беріп, саналы шешімдерге барады.
  – Бала сабыр пен шыдамдылыққа үйренеді.
  – Бала өз ісін жоспарлап, болжам жасап үйренеді. Уақытты тиімді пайдалануға, алға қойған мақсаттарына жетуге икемделе түседі.
  – Баланы жеңіске деген жігер танытуға жаттықтырады. Бір-екі ойыннан соң, жас спортшы, жеңіс пен жеңіліс тек өзіне тікелей байланысты екенін түсініп, жинақтала бастайды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: