Материалы за Февраль 2024 года » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2024 года » Страница 2
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды
26
февраль
2024
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының
     Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған 200-ден астам команда.       Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер
Білім алушылар және ата-аналар назарына!
26
февраль
2024
Білім алушылар және ата-аналар назарына!
      Құрметті білім алушылар және ата-аналар!  Сіздерді Алматы қаласы Білім басқармасының №178 мамандандырылған лицейде 2024-2025 оқу жылында 5 және 7-сыныпта білім алуға шақырамыз.  Тіркелу уақыты: 1 ақпан - 15 сәуір 2024 жыл Онлайн тіркелу: www.qabyldau.daryn.kz Байланыс телефоны: +7 (701) 822 90 13 Мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ ы/а, Суаткөл көшесі, 41
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
26
февраль
2024
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
      Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында Британдық Парламенттік формат бойынша өткен әкім кубогіне арналған "Almaty CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде N178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған "Тәуелсіздік үшін" фракциясы жүлделі I орынды иеленіп, әкім кубогін алды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі А.Б.Құрмансейтов Респуликалық турнир жүлдегер атанды
26
февраль
2024
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі
      Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері арасында пневматикалық винтовкадан ату және автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан өткен республикалық турнир өтті. Турнирге лицейіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жетекшісі Құрмансейітов Бауыржан Абайұлы қатысып, 50-59 жас аралығында "Винтовка ату" спорт түрі бойынша III орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
23
февраль
2024
Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
      Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. 2024 жылғы 23-ақпанда сағат 10:00-де Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға №178 мамандандырылған лицейдің қызметкерлері мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Сейсмикалық жаттығу барысында барлық қатысушылар «Назар аударыңыз!» сигналын естігеннен бастап, лицейде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, толығымен қауіпсіз орынға эвакуацияланды. 
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың лицейішілік кезеңі өтті
23
февраль
2024
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың
      2024 жылдың 23-ақпанында №178 мамандандырылған лицейде «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада өтті. Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткен олимпиадаға 1-5 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дараланып, арнайы дипломдармен марапатталды. 
«Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы» атты семинар-тренинг өтті
22
февраль
2024
«Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы»
    2024 жылдың 22 ақпанында лицейде жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімдері Б.А.Бастерова, Г.Б.Джумабаева ұйымдастыруымен «Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұстаздары, лицейіміздің мұғалімдері және оқушылары қатысты.        Лицейіміздің оқушыларына биология ғылымдарының докторы, профессор З.Б.Тунгышбаева «Экологиялық факторлардың
«Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбындағы аудандық  семинар-практикум  өткізілді
22
февраль
2024
«Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып
      2024 жылдың 22 ақпанында Алатау ауданы Білім бөлімінің қолдауымен №178 мамандандырылған лицейде «Математика пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбындағы аудандық  семинар-практикум  өткізілді. Семинар-практикумға Алатау ауданы жалпы білім беру ұйымдарының математика пәнінің  мұғалімдері қатысты.        Іс-шараның салтанатты ашылуында лицей директоры К.Х. Шадиев «Лицейдің жаңаруы мен даму жолдары» тақырыбында баяндама жасап, білім