Материалы за 23.02.2024 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
23
февраль
2024
Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығу
      Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. 2024 жылғы 23-ақпанда сағат 10:00-де Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға №178 мамандандырылған лицейдің қызметкерлері мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Сейсмикалық жаттығу барысында барлық қатысушылар «Назар аударыңыз!» сигналын естігеннен бастап, лицейде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, толығымен қауіпсіз орынға эвакуацияланды. 
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың лицейішілік кезеңі өтті
23
февраль
2024
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиаданың
      2024 жылдың 23-ақпанында №178 мамандандырылған лицейде «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада өтті. Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткен олимпиадаға 1-5 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дараланып, арнайы дипломдармен марапатталды.