«Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы» атты семинар-тренинг өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы» атты семинар-тренинг өтті
22
февраль
2024

«Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы» атты семинар-тренинг өтті

    2024 жылдың 22 ақпанында лицейде жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімдері Б.А.Бастерова, Г.Б.Джумабаева ұйымдастыруымен «Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұстаздары, лицейіміздің мұғалімдері және оқушылары қатысты. 
      Лицейіміздің оқушыларына биология ғылымдарының докторы, профессор З.Б.Тунгышбаева «Экологиялық факторлардың жануарлар ағзасына әсері» атты баяндама оқыды. Биология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Д.К. Айдарбаева «Өсімдіктердің алуантүрлілігін зерттеудегі заманауи мәселелер және оларды шешу жолдары» атты тақырыбындағы өз тәжірибесімен бөлісті. 
      Биология, химия, география пәнінің ұстаздарына PhD, биология кафедрасының меңгерушісі А.Д.Майматаева «Биология кафедрасы филиалының жұмыс бағыты», педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.А.Жумагулова «Жаратылыс – ғылыми білім беруді дамытудың теориясы мен практикасы», магистр, оқытушы С.Е.Джарылкапова «Сабақта оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану жолдары», биология магистрі, аға оқытушы Г.С.Камиева «XXI ғасыр дағдылары: сабақта қалай дамыту және бағалау керек» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті және тренинг өткізді. Семинар соңында, оқушылар мен пән мұғалімдері өткен іс-шараның тиімділігін мен қажеттілігін атап, кері байланыс берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: