Материалы за Декабрь 2020 года » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
30
декабрь
2020
"Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.П. Дуйсенбекова мен 8 сынып жетекшілері Т. Жандыбаева, М. Кошаметовалардың ұйымдастыруымен "Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру, ата-анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.  
Үйірме жұмыстары: Шахматтан онлайн турнир жеңімпаздары
30
декабрь
2020
Үйірме жұмыстары: Шахматтан онлайн турнир жеңімпаздары
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Алатау ауданы оқушылары арасында өткен шахматтан онлайн турнирде №178 лицей оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі: Амонбоев Сино  
"Бабалар сөзі - балаға өсиет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
30
декабрь
2020
"Бабалар сөзі - балаға өсиет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
5 "Ә" сынып жетекшісі Тастанова Жанат "Бабалар сөзі - балаға өсиет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушы бойына бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру.  
Лицей оқушыларының сұқбаттары республикалық "Жүзден жүйрік" журналында
28
декабрь
2020
Лицей оқушыларының сұқбаттары республикалық "Жүзден жүйрік" журналында
Лицейіміздің оқушылары Жарқын Шуақ пен Ережеп Әділдің сұқбаттары республикалық "Жүзден жүйрік" журналына шықты. Оқушыларымызға шығармашылық табыстар мен жарқын жеңістерді тілеп,  журналға шығуларымен шын жүректен құттықтаймыз!  
Президенттік олимпиада жүлдегерлері
26
декабрь
2020
Президенттік олимпиада жүлдегерлері
Биылғы жылды лицейіміздің оқушылары керемет, жарқын жетістіктермен қорытындылады. Себебі, желтоқсан айының төртінші жұлдызы күні "Жаратылыстану-математика циклы" пәндері бойынша Президенттік олимпиада өз мәресіне жетті. Президенттік олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Осы республикалық Президенттік олимпиадаға №178 лицейдің 11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Атап айтсақ, Мұхамеджан Салтанат – І орын, Құсаинов
"Ақберен" өнер байқауы
25
декабрь
2020
"Ақберен" өнер байқауы
Жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы шығармашыл оқушылар арасындағы VII республикалық "Ақберен" өнер байқауын  ағымдағы жылдың 9 -11 желтоқсан аралығында қашықтықтан өткізді. "Эссе жазу" номинациясы  бойынша №178 лицейдің 11 сынып оқушысы Жәрдембек Мадина ІІІ дәрежелі дипломмен
"Заманауи педагогикалық білім беру: мазмұны, тәжірибе, технологиялар" тақырыбындағы мәжіліс
24
декабрь
2020
"Заманауи педагогикалық білім беру: мазмұны, тәжірибе, технологиялар"
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің "Заманауи педагогикалық білім беру: мазмұны, тәжірибе, технологиялар" тақырыбындағы мәжілісте №178 лицей директоры, э.ғ.к., қауымдастырылған профессоры К.Х.Шадиев “Менеджмент және экономикалық модельдеу” тақырыбында лицейде Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін оқытудың тәжірибесімен ой бөлісті.
"Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы
24
декабрь
2020
"Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасы аясында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы қараша айының 3-5 күндері аралығында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан бірнеше  командалар қатысқан. Конкурстың аудандық кезеңіне 6658 оқушы, облыстық кезеңіне 1166 оқушы қатысса,
"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"  тақырыбында онлайн жиналыс өтті
22
декабрь
2020
"Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында онлайн жиналыс өтті
2020 жылдың 22 желтоқсан күні №178 лицейде  13-17 жас аралығындағы қыз балалармен  ерте жыныстық қатынастың алдын-алу бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.П.Дуйсенбекованың ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі"  тақырыбында онлайн жиналыс өтті. Жиналыста  №29 емхананың акушер-гинеколог маманы  Шиналиева Нұржамал Төлегенқызы "Ерте жүктілік, контрацепция" тақырыбында баяндама жасады. "Қыздар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары"   тақырыбында лицей инспекторы,