Материалы за Декабрь 2020 года » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2020 года » Страница 2
"Елім менің Қазақстан!" патриоттық әндер онлайн байқауы
22
декабрь
2020
"Елім менің Қазақстан!" патриоттық әндер онлайн байқауы
Қазақстан Республикасының "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай өткен"Елім менің Қазақстан!" атты патриоттық әндер онлайн аудандық байқауына қатысқан №178 лицей оқушысы Сайлаубек Дария ІІІ орын иеленді.
"Кенгуру" Блиц-турнирі
22
декабрь
2020
"Кенгуру" Блиц-турнирі
Желтоқсан айында өткізілген Республикалық "Кенгуру" Блиц-турниріне қатысқан №178 лицей оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
21
декабрь
2020
Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары
   Өрттің алдын алу, жарақаттанудың алдын алу жұмыстарын оқыту және тиімділігін арттыру, жаңа жылдық мерекелер кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында №178 лицейде "Пиротехникалық заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыбында ата-аналармен және оқушылармен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиналыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.         
"Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық онлайн-олимпиадасы
20
декабрь
2020
"Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық
"Kemel Academy" онлайн-мектебі үйымдастырған "Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық онлайн-олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Осы, "Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық онлайн-олимпиадасына №178 лицейдің оқушылары қатысып, жұлделі
Тоқсандық жиынтық бағалау
20
декабрь
2020
Тоқсандық жиынтық бағалау
Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «17» қараша № 484 бұйрығына сәйкес қашықтан оқыту жағдайында 5-11 сыныптар аралығында тоқсандық жиынтық бағалау жүргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстары Алматы қаласы Алатау ауданы  №178 лицей мұғалімдерінің қызу дайындығымен сабақтасты. 2020 жылдың 21-25 желтоқсан аралығында өткізілетін тоқсандық жиынтық бағалауда  жекелеген пәндер бойынша бағалау спецификалары дайындалып, баға қою кезінде
Халықаралық "FEMO" олимпиадасы
20
декабрь
2020
Халықаралық "FEMO" олимпиадасы
Лицейіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Жұмағали Абзал республикалық физика-математика мектебінде математика пәні бойынша өткен халықаралық "FEMO" олимпиадасына қатысып, ІІІ орынға ие болды. Олимпиадаға бес елдің үздік оқушылары қатысып, дарынды оқушымыз жүлделі орындардың қатарынан көрінді.  Дарынды оқушымызды марапатымен құттықтаймыз!
"Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты эссе байқауы
20
декабрь
2020
"Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты эссе
Лицейіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Өмен Меруерт, Рахман Алшановтың "Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты кітабы бойынша Алматы қаласы оқушылары арасында өткен эссе байқауына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.  Жетекшісі:  Гүлшира Жүнісбекова
Алғыс хат
20
декабрь
2020
Алғыс хат
Алматы Технологиялық Университетінің ректоры Т.Қ.Құлажанов лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, арнайы алғыс хат жіберді.  Алғыс хатта  лицейіміздің биылғы түлектері Нургизариова Айнур мен Жетписпаева Диананы үлгілі, белсенді, тәртіпті түлек ретінде тәрбиелегендеріңіз үшін  алғыс білдіреміз делінген.
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы
18
декабрь
2020
"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы
Тәлімгер Тілеужан Әбілқайырдың ұйымдастыруымен лицейімізде 6-сынып оқушылары арасында "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайысы өткізілді. Сайысқа төрт команда қатысып, өзара жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. "Достық" командасы І орын иегері атанса, "Жас Ұлан" командасы ІІ орынға, "Самға" командасы ІІІ орынға тұрақтады.     
"Әке - асқар тау" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
18
декабрь
2020
"Әке - асқар тау" тақырыбында ұлдар жиналысы өтті
№178 лицейде 2020 жылдың 18 желтоқсан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов пен А.Ә.Т.Д. пәнінің мұғалімі Б.А.Қурмансейітовтың ұйымдастыруымен 5-11 сынып ұлдарымен "Әке - асқар тау" тақырыбында жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында ұлдар жиналысы өтті.