Материалы за 08.12.2020 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында ашық сабақтар өтуде
08
декабрь
2020
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында ашық
8 желтоқсан күні Қазақстан тарихы пәнінен 10 "Ж" сыныбында "Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы - тарихи консалидацияның эталоны"  тақырыбында мұғалімі Сатов Ерғали және ағылшын тілі пәнінен 8 "Ә" сыныбында "Theme: Festivals around  the world" тақырыбында мұғалімі Тлеп Айым ашық сабақтарын өткізді. Сабақтарда оқушылардың ойлау  қабілеттері мен сөйлеу мәнерін  дамытатын  тапсырмалар орындалды, кері байланыс жасалып, бағалау критерийлері арқылы білім алушылар  бірін-бірі бағалады және пікір қалдырды.
"Ең үздік топ басшысы" байқауы
08
декабрь
2020
"Ең үздік топ басшысы" байқауы
Лицейімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 9 сынып оқушылары арасында "Ең үздік топ басшысы" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: топ басшыларының көшбасшы ретінде өздерін дәлелдеу, сыныпты ұйымшылдыққа, татулыққа баулып, сынып жетістіктері мен тәртібін қадағалау. Нәтижесінде 9 "Б" сыныбының топ басшысы Мейірім Милана "Ең үздік топ басшысы" атағын жеңіп алып,  Бас жүлде иегері атанды. І орын  - Мұстафа Ажар (9 "А" сынып); ІІ орын - Болат Тамирлан (9 "Ж" сынып); ІІ орын - Жаманбай
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы
08
декабрь
2020
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының
№178 лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында өткен «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында орта білім беру ұйымдарының педагогикалық менеджменті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында белсенділік танытқаны үшін ББЖ ҚБАРИ директоры п.ғ.д., профессор Ж.Мақатованың құрмет грамотасымен марапатталды.  
"Қолөнер шебері" атты Республикалық байқау
08
декабрь
2020
"Қолөнер шебері" атты Республикалық байқау
Қазақстан Республикасының "BILIMBULAQ.KZ" қосымша білім және дамыту порталы оқу саласында балаларға жаңа бағыт беру мақсатында ұйымдастырылған "Қолөнер шебері" атты Республикалық байқауда топ жарған №178 лицей оқушылары  марапатталды. Жетекшісі: Абыканова Манар
І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасы
08
декабрь
2020
І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасы
Ұлы Абай мұрасын игеру үнемі ізденісті, ойлануды талап етеді. Қайталап оқыған сайын білімің толыға түседі. Сол себепті, оқушыларымды осындай олимпиадаларға қатыстыра отырып, Абай әлемін тануға жетелеуді  мұғалімдік міндетім деп түсінемін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айман