Президенттік олимпиада жүлдегерлері » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президенттік олимпиада жүлдегерлері
26
декабрь
2020

Президенттік олимпиада жүлдегерлері

Биылғы жылды лицейіміздің оқушылары керемет, жарқын жетістіктермен қорытындылады. Себебі, желтоқсан айының төртінші жұлдызы күні "Жаратылыстану-математика циклы" пәндері бойынша Президенттік олимпиада өз мәресіне жетті. Президенттік олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан өткізілетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Осы республикалық Президенттік олимпиадаға №178 лицейдің 11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.  Атап айтсақ, Мұхамеджан Салтанат – І орын, Құсаинов Бексұлтан – ІІІ орын, Абдумалик Махаббат – ІІІ орын иегері атанып, Білім және ғылым министрінің дипломдарымен марапатталып, ұстаздары сенім артқан абыройды ойдағыдай ақтай білді.  Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістеріміз көп болсын!

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: