Материалы за Ноябрь 2020 года » Страница 5 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2020 года » Страница 5
"Мамандықты таңдау – болашақты ойлау" тақырыбында психологиялық тренинг
12
ноябрь
2020
"Мамандықты таңдау – болашақты ойлау" тақырыбында психологиялық
№178 лицей психологі Агажанова Жанна "Мамандықты таңдау – болашақты ойлау" тақырыбында Zoom сессия залы арқылы 9 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай
"Мәнерлеп оқу" байқауы
12
ноябрь
2020
"Мәнерлеп оқу" байқауы
2020-2021 оқу жылының қараша айында «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық қашықтықтан өткізілген «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі: Усентаева Бағлан
"Nur Otan" партиясы
12
ноябрь
2020
"Nur Otan" партиясы
Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуі - праймериз жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар партия жұмысын қайта жүктеу мен жандандыру барысындағы іс-шараларға белсене қатысқаны үшін №178 лицейдің директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович "Nur Otan" партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы А.Қалдыбековтың алғыс хатымен марапатталса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абуова Жазира Зияшовна
"Менің кіші Отанымның тарихы" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсы
12
ноябрь
2020
"Менің кіші Отанымның тарихы" атты ІІІ республикалық интеллектуалдық
Алматы қаласы, Алатау ауданы мектептері арасында өткізілген жас тарихшылардың «Менің кіші Отанымның тарихы» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсында «Менің кіші Отаным» /бейне-репортаж/ номинациясы бойынша Бас жүлдеге №178 лицейдің 9 сынып оқушысы Байжұма Бексұлтан ие болды. Жетекшісі: Шынасыл Ғалымжан «Менің кіші Отанымның болашағы» /макет/ номинациясы бойынша ІІ орынға №178 лицейдің 9 сынып оқушысы Халықов Сағи ие болды. Жетекшісі: Даулетбаева Гулнафис
№2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық  білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері»
11
ноябрь
2020
№2 Педагогикалық кеңес «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды
№178 лицей жұмыс жоспарына сәйкес  2020 жылдың 11-қараша күні «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті. «Қашықтық оқыту жағдайындағы заманауи сандық технологияларды оқыту мен оқу жүйесінде қолданудың артықшылықтары» атты баяндаманы информатика пәні мұғалімі Бесенбекова Ләйлім жасады.  Қашықтықтан оқыту форматында оқушылардың пәнді оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында
Үйірме жұмыстары: Робототехника
11
ноябрь
2020
Үйірме жұмыстары: Робототехника
2020 жылдың 11 қараша күні №178 лицейдің Робототехника үйірмесінің жетекшілері  Ахметов Бегали Токбергенович пен Рахатов Дастан Тулеубекович 6 сыныптарға Робокон жарыстарына арналған роботтар корпусын модельдеу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.  Мақсаты: оқушыларды Тinkercad веб-платформасында 3D модельдеу негіздерін үйрету.  
Ғылыми жобалардың On-line тыңдалымы
11
ноябрь
2020
Ғылыми жобалардың On-line тыңдалымы
2020 жылдың 11 қараша күні  “ДАРЫН” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «Дарын» ғылыми жобасының «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша “Zoom”  платформасында  директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Досқожаева Нұргүлдің ұйымдастыруымен лицейішілік On-line тыңдалым болды. Жұмыстың мақсаты: әрбір оқушының интеллектуалдық, рухани және шығармашылық мүмкіншілігін жүзеге асыру, жағымды жағдай жасау, оқушылардың дарындылығын дамыту, анықтау
"Мақтанышым  - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында мәнерлеп өлең оқудан байқау
10
ноябрь
2020
"Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында мәнерлеп өлең оқудан
Оқушылардың күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында лицейімізде онлайн режимде 5-6 сынып оқушылары арасында "Мақтанышым  - Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында  мәнерлеп өлең оқудан байқау өткізілді.  Жүлделі орындарға ие болған оқушылар: Бас жүлде  - Жалғасбек Ару  5 "Б" сынып оқушысы І орын  - Абылай Бейбарыс  5  "А" сынып,  Құлшынбаева Раянна 6 "Ғ" сынып оқушысы ІІ орын  - Әлібек Айтолқын 5 "Е",  Әлімжан Мөлдір 5 "Ғ" сынып оқушысы Кәлменұлы Омар 5"Е" сынып оқушысы ІІІ орын  - Баяш Аяла  5 "Ә"
Хабарландыру!
10
ноябрь
2020
Хабарландыру!
Құрметті ұстаздар! 2020 жылдың 11 қараша күні сағат 12:00-де «Қашықтық оқыту жағдайында функционалды сауаттылықты дамыту жолындағы сандық  білім беру ресурстарын қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтеді.    Күн тәртібі: 1. №1 педагогикалық кеңестің қаулысының орындалуы туралы.      Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С.                 2. Қашықтық оқыту жағдайындағы заманауи сандық технологияларды оқыту мен оқу жүйесінде