"Табысты кәсіпкер болу үшін не істеу керек?" тақырыбында on-line
2020 жылдың 20 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты Құқықтану кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен "Табысты кәсіпкер болу үшін не істеу керек?" тақырыбында on-line практикалық кеңес беру семинары өтті. Семинарда №178 лицей директоры, э.ғ.к., қауымдастырылған профессоры К.Х.Шадиев "Менеджмент және экономиканы модельдеу" тақырыбында іскерлік ойын көрсетті.