Материалы за Ноябрь 2020 года » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2020 года » Страница 2
"Менің сүйікті спортым" атты аудандық жас суретшілер байқауы
26
ноябрь
2020
"Менің сүйікті спортым" атты аудандық жас суретшілер байқауы
№178 лицейдің оқушысы Асқарқызы Жадыра "Менің сүйікті спортым" атты аудандық жас суретшілер байқауына қатысып, І орын иеленді. Жетекшісі: Умбеталиева М.  
"Туға қарап бой түзе!" атты аудандық байқау
26
ноябрь
2020
"Туға қарап бой түзе!" атты аудандық байқау
№178 лицейдің "Алатау қырандары" тобы "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымының "Туға қарап бой түзе!" атты аудандық байқауға қатысып ІІІ орын иеленді.  
"Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!" тақырыбында фото көрме
26
ноябрь
2020
"Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!" тақырыбында фото көрме
№178 лицей кітапханашылары 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында "Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы!" тақырыбында фото көрме ұйымдастырды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көптеген маңызды саяси және экономикалық бастамалардың авторы. Ұйымдастырылған көрмеге Елбасымыздың елімізді басқарудағы жетістіктері мен еңбектері қойылып, оқырманға насихатталды.  
"Талантты оқушылар" айдары
26
ноябрь
2020
"Талантты оқушылар" айдары
Лицейіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланып тұратын "Талантты оқушылар" айдарында "Ел жастары" ұйымының мүшесі, 8 "А" сыныбының оқушысы Ислам Әлібай. Назарларыңызға Ислам оқушымыздың жетістіктерін ұсынамыз. "Көңілді Жаңа Жыл" фильмінің эпизодтық кадрына түскен,  Балапан және  Хабар арнасында "Кеңесші" киносына түсіп, "Ел үміті" медалімен марапатталды. Алматы  телеарнасында "Алтын сақа бағдарламасын жүргізіп, Балапан телеарнасында  "Алғыр алтау" бағдарламасына қатысса, Алматы арнасында
Жаратылыстану бағытындағы пәндерден лицейішілік пәндік олимпиада
26
ноябрь
2020
Жаратылыстану бағытындағы пәндерден лицейішілік пәндік олимпиада
2020 жылдың 26 қараша күні №178 лицейде жаратылыстану бағытындағы пәндерден лицейішілік пән олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Қабілетті, дарынды балаларды анықтай отыра, олардың білім деңгейлерінің дамуына қамқорлық жасау, алған теориялық білімін, оны тәжірибеде қолдана білу іскерлігін анықтау, мұғалімдердің жауапкершіліктерін арттырып, дарынды балалармен жұмыс істеуіне әрекет ету, аудандық пән олимпиадасына оқушыларды іріктеу. Оқушыларға келесі кезеңдерден сүрінбей өтулерін тілейміз!
"Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі" тақырыбында жас суретшілер байқауы
25
ноябрь
2020
"Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі" тақырыбында
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде оқушылар арасында "Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі" тақырыбында жас суретшілер байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан оқушылардың жетекшілері, лицейіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері: М. Кошаметова, Т. Улдаканова, С. Канаева, Ж. Агажанова.
"Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталық
24
ноябрь
2020
"Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталық
№178 лицейде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай "Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталықтың іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес, 24 қараша күні 7 «Ж»  сыныбында «Тәуелсіз елдің көшбасшысы»  тақырыбында ашық тәрбие сағаты, 9 «Д» сыныбында «Ел сенімін ақтаған - Елбасы!» тақырыбында зияткерлік сайыс, 10 «Д» сыныбында «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында білімгерлер сайысы өтті. Іс-шаралар оқушылардың назарын Ұлт көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға,
"Алтын күз" тақырыбында онлайн көрме
23
ноябрь
2020
"Алтын күз" тақырыбында онлайн көрме
№178 лицейде 5-9 сыныптар арасында "Алтын күз" тақырыбында онлайн көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Табиғат байлығы - адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.  
"Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер – адам денсаулығына зиян келтіреді немесе өмірдің ағымынан қалдырмайды" тақырыбында  пікір алмасу
23
ноябрь
2020
"Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер – адам денсаулығына зиян
№178 лицейдің информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  8 сыныптар арасында "Компьютерлік ойындар, сәндік гаджеттер – адам денсаулығына зиян келтіреді немесе өмірдің ағымынан қалдырмайды" тақырыбында  пікір алмасу өткізді. Пікір алмасудың мақсаты: компьютердің денсаулыққа әсері және компьютерлік ойындардың зияны туралы түсіндіру. Қазіргі таңдағы сәнді гаджеттердің ерекшілектерін айту. 
"Кітап  -  білім бұлағы"
22
ноябрь
2020
"Кітап - білім бұлағы"
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен онлайн режимде "Кітап  -  білім бұлағы" тақырыбында іс-шара өткізілді.