"Талантты оқушылар" айдары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2020

"Талантты оқушылар" айдары

Лицейіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланып тұратын "Талантты оқушылар" айдарында "Ел жастары" ұйымының мүшесі, 8 "А" сыныбының оқушысы Ислам Әлібай. Назарларыңызға Ислам оқушымыздың жетістіктерін ұсынамыз.
"Көңілді Жаңа Жыл" фильмінің эпизодтық кадрына түскен,  Балапан және  Хабар арнасында "Кеңесші" киносына түсіп, "Ел үміті" медалімен марапатталды. Алматы  телеарнасында "Алтын сақа бағдарламасын жүргізіп, Балапан телеарнасында  "Алғыр алтау" бағдарламасына қатысса, Алматы арнасында "Әжемнің Наурыз көжесі" фильмінде басты рольді сомдаған.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ғұмырдария бағдарламасында жүргізуші  болса, "вокал" номинациясы бойынша байқауға  қатысып І орынға ие болды. Әли мен Айя мультоптамасындағы Әлидің дауысына дубляж жасады. "Көңілді Жаңа жыл" фильмінде суретші рөлін ойнап, атасы мен әжесінің ең кішкентай немересі болған. Балапан телеарнасында  "Ол Кім?",  " Бұл не?",  "Кім болам?"  бағдарламаларын жүргізді.
Балапан телеарнасында түсірілген "Күлегеш" бағдарламасына  түсті. Өмірқұл Айниязов, Саят Медеуов  есімді өнер майталмандарынан сұқбат алған. КТК телеарнасында "Баланың ісі шала" бағдарламасына түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: