"Талантты оқушылар" айдары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
октябрь
2020

"Талантты оқушылар" айдары

   Лицейіміздің білімді, дарынды, талантты оқушыларын қолдау біздің лицей әкімшілігінің басты назарында. Сол талантты оқушыларымыздың бірі "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, бокстан спорт шеберлігіне үміткер, жасөспірімдер арасында Алматы қаласының 2 дүркін жеңімпазы және ел чемпионы Серікұлы Әлихан лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының қабылдауында болды. Қабылдау барысында лицей директоры Әлихан Серікұлына кез-келген көмек көрсететіндігін тілге тиек етіп, жылы лебізін білдіріп, өзара пікір алмасты.
- ..."Әлихан, алдыңа қандай үлкен мақсат қойып отырсың?"
- "Төрт жылда бір келетін жазғы Олимпиада ойындары 2024 додасына жолдама жеңіп алу және сол байрақты бәсекенің ең жас жеңімпазы атанып, ел намысын абыроймен қорғау" - дейді, былғары қолғап шебері. Сондай-ақ тәлімгер Әбілқайыр Тілеужан талантты оқушымызға қазіргі таңда еліміздің даңқын әлемдік деңгейде абыроймен қорғап жүрген Геннадий Головкиннің жейдесін лицей әкімшілігі атынан табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, осы аптадан бастап лицейімізде "Талантты оқушылар" айдары жарыққа шықты. Енді, апта сайын лицейіміздің әлеуметтік желілеріне дарынды оқушыларымыздың жетістіктері жарияланып тұрады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: