Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі
10
февраль
2022
Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі
№178 мамандандырылған лицейде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 8 "А" сынып жетекшісі Г.Н.Ильясова "Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі" ережелерінің негізгі талаптарымен ZOOM платформасында түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты: табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгерту.
"Электронды темекінің зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыс.
10
февраль
2022
"Электронды темекінің зияны" тақырыбында түсіндірме жұмыс.
№178 мамандандырылған лицейде 8 ақпан күні 6 "А" сынып жетекшісі Ж.Ноғайбаева "Электронды темекінің зияны" тақырыбы бойынша ZOOM платформасында түсіндіру жұмысын жүргізді. Мақсаты: жасөспірімдердің әуесқой заттардан бойын аулақ ұстауын, салауатты өмір салтын ұстану туралы түсінік беру.
«Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб өткізілді.
09
февраль
2022
«Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб
№178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылдың 08 ақпанында күні 7-8 сыныптар арасында «Қайырымдылық – жер бетінде!», «Ризамын бүгінге!» атты флешмоб өткізілді. Флешмобтың өткізу мақсаты: өскелең жас ұрпақты өз елінің патриоты болуына, елін сүюге, қадірлей білуге тәрбиелеу. Флешмоб өте қызықты және көңілді өтті.
«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
09
февраль
2022
«Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді.
⚜️ №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталық іс-шара жоспарын жүзеге асыру барысында 2022 жылғы 7 ақпанда «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі өткізілді. 💫 Фестивальге 5-6-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар: 🥇 Мұхитжанқызы Райхан, Төлеуғали Ерасыл; 🥈Мерекеқызы Ділназ, Өмірсерік Айдана; 🥉Алмұрат Аяулым, Исағали Айтолқын, Сатыбалды Махаббат. ⚜️
"Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
"Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А.Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 10 сынып оқушыларымен "Өзіңе деген махаббат - өмірге деген махаббат!" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты оқушылардың өзіне деген махаббатын жеке тұлға құндылықтарымен қалыптастырып, өз бетінше ізденіп, сөйлеу, ойлау әрекеттерін дамытуда түйінді ой қорытуға, шығармашылық тұлғалануға ықпал ету болды.
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
08
февраль
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі
2022 жылғы 1-11 ақпан аралығындағы №178 мамандандырылған лицейде «Өзін-өзі тану: Махаббатпен шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Акция аясында көп балалы аз қамтылған 10 отбасыға азық-түлік және мектеп жабдықтары таратылды.
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында  “Кел, оқиық бірге” акциясы  жүзеге асырылуда.
08
февраль
2022
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында “Кел,
Лицейде “Оқуға құштар мектеп” жобасын жүзеге асыру мақсатында лицейдің кітапхана меңгерушісі Жунисбекова Гулшира Бактияркызының ұйымдастыруымен “Кел, оқиық бірге” акциясы жүзеге асырылуда. Мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға дағдыландыру.
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқау нәтижесі.
08
февраль
2022
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен
📝1Lider.kz Республикалық дарынды оқушылар порталының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға №178 мамандандырылған лицейдің 9 “Е” сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, нәтижесінде: 🥇1 орын - Қонурбай Нұржан, Альфара Айкун, 🥈2 орын - Болат Нұрсұлтан, Аружан, Бекен Аружан, Құттыбай Ердаулет, Зикиров Абылай ие болды. Шығармашылық байқауда даралықтарын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік танылған оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
08
февраль
2022
«Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11 сынып оқушыларымен «Жетістікке жету өз қолыңда» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына,өмірде жетістікке жету әр адамның өзінің қолында екенін ұғындыру.
❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша «әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі.
08
февраль
2022
❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша
Құрметті достар! ❇️ 31.01.2022-05.02.2022жж аралығындағы Алатау ауданы бойынша «әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі жарияланды. Назарларыңызға 1 апта бойы парақшаны белсенді жүргізіп, барлық шартты орындаған мектептер тізімін ұсынамыз⬇️ Бұл аптада қатысушы мектептер саны 26 болып, белсенділік танытқан ҮЗДІК ОНДЫҚ анықталды. 1️⃣ №26 ЖББМ 2️⃣ №152 МГ 3️⃣ №180 ЖББМ 4️⃣ №178 МЛ 5️⃣ №169 МЛ 6️⃣ №154 ЖББМ , №185 ЖББМ 7️⃣ №179 ЖББМ 8️⃣ №181 ЖББМ 9️⃣ №41 ЖББМ 🔟 №150 ЖББМ