Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Абай жолы» эпопеясы. Қайтқанда бөлімі. Кейіпкерлер бейнесі» тақырыбында өткізген ашық сабақ.
10
февраль
2022
«Абай жолы» эпопеясы. Қайтқанда бөлімі. Кейіпкерлер бейнесі»
     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі күн сайын ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың шеруімен жалғасуда. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Р.С. Сатбаеваның 11-сынып оқушыларына қазақ әдебиетінен кейіпкерлерді жинақтау, даралау және өмір шындығымен байланыстыру мақсатында «Абай жолы» эпопеясы. Қайтқанда бөлімі. Кейіпкерлер бейнесі» тақырыбында өткізген ашық сабағы ұстаздардың тәжірибе алмасу алаңына айналды. Толымды
«Тар жапырақты күреңот өсімдік тектес шикізатынан экстракт алу технологиясын жасап, оның қабынуға қарсы әсерін зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысы.
10
февраль
2022
«Тар жапырақты күреңот өсімдік тектес шикізатынан экстракт алу
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына биология пәні мұғалімдері Б.А. Бастерова мен Г.С. Джумабаеваның жетекшілімен 10 сынып оқушылары А.Дюсенова мен М. Өмен биология мен медицина ғылымын ұштастыра отырып, «Тар жапырақты күреңот өсімдік тектес шикізатынан экстракт алу технологиясын жасап, оның қабынуға қарсы әсерін зерттеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын жазды. Ғылыми жоба қалалық кезеңнен 2-орын алып, республикалық кезеңге өтті. Ұлағатты ұстаздарымыз бен талантты
Домбыра үйірмесі, «Қазына» оркестрі.
10
февраль
2022
Домбыра үйірмесі, «Қазына» оркестрі.
     Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Осы себептен №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын домбыра үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде домбыраны үйрену арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, күйлерді тану арқылы ел тарихын терең ұғына алады. Лицейде домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар тобынан «Қазына» оркестрі құрылған.
Ғылыми жобалар конкурсы. «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы.
10
февраль
2022
Ғылыми жобалар конкурсы. «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы.
№178 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі Слямгалиева Гүлнар Набиқызының жетекшілігімен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына «Жер және ғарыш туралы ғылым» секциясы бойынша 11 сынып оқушылары Даулет Айбек пен Еркін Ернат өз жобаларын ұсынып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жас ғалымдар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті профессорларымен бірлесе отырып, «Жұлдызаралық орта бейнелерінің фракталдық талдау» атты ғылыми жоба жазды. Жобаның мақсаты -
"Эмоциялық интеллект" тақырыбында психологиялық тренинг.
10
февраль
2022
"Эмоциялық интеллект" тақырыбында психологиялық тренинг.
№178 мамандандырылған лицейдің педагог-психолог маманы Ш.С.Асилова 10-сынып оқушыларымен "Эмоциялық интеллект" тақырыбында психологиялық тренинг жүргізді. Эмоциялық интеллект тренингін өткізу аясында оқушылар өзін қоршаған адамдардың эмоцияларын ұғыну және түсіну қабілетілігінің қажет екендігін түсінді. @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri
Би үйірмесі."A'la zong" би тобы
10
февраль
2022
Би үйірмесі."A'la zong" би тобы
Би – салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі. Ол ең алдымен, баланың денсаулығына оң әсер етіп, психологиялық тұрғыдан беріктік сыйлайды. Әрдайым белсенді болу, жаңа әрі ерекше қимыл-әрекеттер координацияны дамытып, физикалық тұрғыдан жетілдіре түседі. №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын би үйірмесі жұмыс жасайды. Би үйірмесіне қатысатын оқушылардан "A'la zong" би тобы құрылған. Жетекшісі – Тұрғынбаева Ляззат Николаевна.
«Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирі.
10
февраль
2022
«Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирі.
✔️ «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің қалалық кезеңін Zoom платформасында онлайн форматта өткізді. ✔️ Қалалық кезеңге Алматы қаласы білім беру мекемелерінен 96 оқушы, 48 фракция қатысты. Қазақ тілді лигада №178 мамандандырылған лицейден «Оратор» фракциясы – 10 сынып оқушысы Керімбаева Жібек пен 9 сынып оқушысы Оқан Асыл ойын көрсетті. Пікірсайыс турниріне қатысушылар 4 іріктеу кезеңі және
“Шахмат ойнап үйренейік” үйірмесі.
10
февраль
2022
“Шахмат ойнап үйренейік” үйірмесі.
№178 мамандандырылған лицейде оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру жоспары негізінде “Шахмат ойнап үйренейік” тақырыбында оқушылар бос уақыттарында шахмат ойнап үйренеді. Шахмат ойыны оқушыларды логикалық мәселелерді шешуге, миларын жаттықтыруға, жадты жақсартуға үйретеді.
“Шешендік өнердің тарихы” атты мақала.
10
февраль
2022
“Шешендік өнердің тарихы” атты мақала.
Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Кенжебаева Мая Қыпшаққызының “Шешендік өнердің тарихы” атты мақаласы республикалық БІЛІМДІ ЕЛ газетінде жарық көрді! Мақалада автор ұлттық шешендік өнердің ғылыми негіздері мен методологиялық арналарын алғаш айтушы адамдар болғанымен, оны кейін жөндеуші, сақтаушы халық екендігіне баса назар аударған.
“Робототехника” үйірмесі.
10
февраль
2022
“Робототехника” үйірмесі.
№178 мамандандырылған лицейде “Робототехника” үйірмесі жүргізілуде. Оқушылар үйірме жұмыстарының барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. «Робототехника» үйірмесінің басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту.