Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаңтар ҰБТ-сы басталды: Лицей түлектері алғашқы жоғары нәтижелерін көрсетуде!
30
январь
2026
Қаңтар ҰБТ-сы басталды: Лицей түлектері алғашқы жоғары нәтижелерін
Елімізде талапкерлер үшін маңызды кезең – Қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ресми түрде басталды. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. Биылғы жылы біздің лицейден 195 оқушы сынақ тапсыруға өтініш білдірді. Алғашқы күннің өзінде қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Бітіруші түлектеріміздің арасынан Сембек Еркебұлан - 136 балл, Ахмет Жасия - 135 балл, Аманжол Ералы - 122 балл, Бейсенов Ақниет - 121 балл жинап ерекше нәтиже көрсетті! Бұл – терең білім мен тынымсыз еңбектің жемісі.
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы бойынша мониторинг
22
декабрь
2025
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы бойынша мониторинг
Оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындығын жүйелі бақылау мақсатында жекелеген пәндер бойынша І жарты жылдық қорытындысы негізінде мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде білім алушылардың пәндер бойынша үлгерім деңгейі, оқу жетістіктерінің динамикасы және қиындық тудыратын тақырыптар айқындалды. Аталған нәтижелер бойынша пән мұғалімдерімен кері байланыс ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен түзету жұмыстары қарастырылды. Алдағы кезеңде
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
20
ноябрь
2025
11-сыныптардың білім деңгейін анықтауға бағытталған сынақ нәтижелері
2025 жылдың 14 қарашасында 11-сынып оқушылары қорытынды аттестацияға дайындық мақсатында ҰБТ-леу орталығында сынақ тапсырды. Сынақ жұмыстары жоспарға сәйкес өткізіліп, оқушылардың білім деңгейі мен дайындық деңгейі анықталды. Тест қорытындылары пән мұғалімдерімен талқыланып, нәтижелерге сүйене отырып алдағы дайындық жұмыстары бойынша нақты жоспар айқындалды.
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
23
октябрь
2025
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
2025 жылдың 23 қазанында "Алтын белгіге" үміткер оқушылардан қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау мақсатында математика пәнінен бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысына барлық үміткерлер белсене қатысып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Нәтижелер оқушылардың оқу жетістіктерін саралауға және алдағы емтиханға дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026
06
октябрь
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026
2025 жылдың 06 қазан күні 11-сынып оқушыларымен «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жиналысы өткізілді. Жиынға лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жетекшілік етіп, оқушыларға алдағы ҰБТ-ға дайындық барысы бойынша маңызды мәліметтер берілді. Жиналыс барысында келесі мәселелер кеңінен түсіндірілді: 2026 жылғы ҰБТ өткізу мерзімі, өтініш беру тәртібі мен мерзімі, ҰБТ форматы мен пәндер құрылымы, тестілеу барысында тыйым салынған заттар мен ережелері және
ҰБТ-2025
29
август
2025
ҰБТ-2025
​https://docs.google.com/presentation/d/1l49Bpj_xC6wsRW0gSBugvhCZqHPRgPn8/edit?usp=drive_link&ouid=105954320689884467967&rtpof=true&sd=true​​​ 2024-2025 оқу жылы  ҰБТ-2025  (мамыр-шілде айларында өткен) қорытындысының нәтижелері туралы толық мәліметтер
Жалпы орта білім беру курсын аяқтаған бітіруші түлектерінің орналасуы туралы
28
август
2025
Жалпы орта білім беру курсын аяқтаған бітіруші түлектерінің орналасуы
2024–2025 оқу жылында лицейді аяқтаған 11-сынып түлектері өздерінің білімдері мен еңбектерінің нәтижесінде еліміздің және шет елдердің беделді жоғары оқу орындарының студенті атанды. Бұл — оқушылардың қажырлы еңбегі мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналардың қолдауының нақты көрінісі. Нәтижесінде: •Жалпы түлек саны: 199 оқушы •ЖОО-ға түскендер саны: 199 оқушы-100 % •Грант иегерлері: 150 оқушы- 75,3 % •Шетелдік ЖОО-ға түскендер: 15 оқушы
Ұлттық бірыңғай тестілеуде лицейдің 11-сынып оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
10
июль
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеуде лицейдің 11-сынып оқушылары жоғары
2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде лицейдің 11-сынып оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.   Оқушылар арасында ерекше көрсеткішке ие болғандар:   – Омар Нұрфараби – 135 балл,   – Балтаева Тоғжан – 133 балл,   – Сайлаубек Нурай, Кеңес Нұрдәулет, Бейсенбек Дарын – 131 балл,   – Аманбай Ерасыл – 130 балл жинады.   Бұл – оқушылардың жүйелі дайындық пен білімге деген ынта-жігерінің, ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде лицей оқушылары жоғары білім деңгейі мен қажырлы еңбектің нәтижесін көрсетті.
09
июль
2025
Ұлттық бірыңғай тестілеуде лицей оқушылары жоғары білім деңгейі мен
2025 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде лицей оқушылары жоғары білім деңгейі мен қажырлы еңбектің нәтижесін көрсетті.   Тестлеуде үздік балл жинаған оқушылар қатарында:  Иса Ботакөз, Салемова Інкәр, Дүйсен Назым – 129 балл,  Бақтығұл Ернұр, Айдыңқызы Айгерім, Батыр Сымбат, Берікқызы Нұрғазиза – 128 балл,  Нұрпазыл Баян, Чайзада Арлан – 127 балл,  Мәлікқызы Аяжан, Тоқан Альфия – 126 балл,  Нұрдәулет Балауса, Нурланбек Адилжан – 125 балл,  Әбдікәрім Балжан – 123 балл,  Бимағанбет Гауһар, Оразалы
Түлектерге бағыт: қорытынды аттестаттау бойынша ақпараттық қолдау - басты назарда
09
апрель
2025
Түлектерге бағыт: қорытынды аттестаттау бойынша ақпараттық қолдау -
2025 жылдың 9 сәуірінде 11-сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау өткізу тәртібін түсіндіру және оларды тиімді дайындауға бағытталған қолдау көрсету мақсатында ақпараттық жиналыс өткізілді. Жиын барысында емтихан ережелері, бағалау критерийлері және дайындық жолдары кеңінен түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың сауалдарына жауап беру мен сенімділігін арттыруға бағытталды.