Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей кітапханасында оқу жылының аяқталуына байланысты кітап сапасын тексеру жүргізілді.
22
май
2024
Лицей кітапханасында оқу жылының аяқталуына байланысты кітап сапасын
Лицей кітапханасында оқу жылының аяқталуына байланысты кітап сапасын тексеру жүргізілді. Мақсаты: Кітапты құрметтей білу, ұқыпты ұстау, білімге деген құштарлығын арттыру. Кітап - ақылына ақы сұрамайтын таусылмас қазына екенін түсіндіру.
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті
21
май
2024
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті
     Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларының арасында «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті.       Әдеби квестке лицейдің 8 «Ғ» сынып оқушыларынан құралған «Жеңіс» командасы қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын қатар көрсете алды. Квест нәтижесінде, 2-орын мен 100000тг сертификат иегері атанды. Шәкірттерімізді құттықтай отырып, білімдеріңіз шыңдала берсін дейміз!   
"Daryn Cup II" Республикалық пікірсайыс турнирі өтті
20
май
2024
"Daryn Cup II" Республикалық пікірсайыс турнирі өтті
     Мамыр айының 18-19 жұлдызында Абай атымдағы РММИ-ның "Infact" дебат клубының ұйымдастыруымен өткен АПФ форматы бойынша өткен Республикалық "Daryn Cup II" пікірсайыс турниріне лицейдің "Тәуелсіздік үшін", "Керей-Жәнібек" фракциялары қатысып, жеңімпаз атанды.      Турнир нәтижесінде, "Керей-Жәнібек" фракциясының мүшесі Зақанов Нұрдаулет ЛД ойындарында финалист атанып, "Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді. Сонымен қатар, "Тәуелсіздік үшін" фракциясының қатысушылары Окан Асыл мен Бақытбек
«Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында азаматтық қорғау саласында оқу сабақтары жүргізілді
17
май
2024
«Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында азаматтық қорғау
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 9-11 сынып оқушыларына  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған Қауіпсіз демалыс жоспарына сәйкес «Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында азаматтық қорғау саласында оқу сабақтары жүргізілді. 
“Судағы қауіпсіздікті сақтау" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізілді
17
май
2024
“Судағы қауіпсіздікті сақтау" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын
     Алматы қаласы Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Азаматтық қорғау аға лейтенанты Ануарбеков Нұрбол Бауыржанұлы мен Азаматтық қорғау лейтенанты Саухан Береке Сабырұлы №178 мамандандырылған лицейде оқушыларға су айдындарында жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында “Судағы қауіпсіздікті сақтау" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Демалыста кітап оқимыз» республикалық буккроссингі басталды
17
май
2024
«Демалыста кітап оқимыз» республикалық буккроссингі басталды
     2024 жылдың 17 мамыр айынан бастап Жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі кітап құмарларды тарту мақсатында, мектеп оқушыларына «Демалыста кітап оқимыз» республикалық буккроссингі басталды. Буккроссингтің мақсаты: еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу. Осы  бастама аясында №178 мамандандырылған лицей оқушыларыда   өздері оқыған сүйікті
“Қауіпсіз су” тақырыбында 7-11 сынып оқушылары эссе жазды
16
май
2024
“Қауіпсіз су” тақырыбында 7-11 сынып оқушылары эссе жазды
     №178 мамандандырылған лицейде “Қауіпсіз су” тақырыбында 7-11 сынып оқушылары эссе жазды. Іс-шара түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу, болдырмау үшін ұйымдастырылды.  Мақсаты:  •Жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өміріне қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу; •Білім алушылардың жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой- өрісін кеңейтіп, білімін дамытып
8-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында пікір-сайыс өткізілді
16
май
2024
8-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз»
     №178 мамандандырылған лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов 8-сынып оқушылары арасында «Біз пара бермейміз және алмаймыз» тақырыбында пікір-сайыс өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, патриоттық тәрбиеге баулу. 
Төтенше жағдайлар департаментінің 2023-2024 оқу жылына арналған «Қауіпсіз демалыс» жоспарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді
15
май
2024
Төтенше жағдайлар департаментінің 2023-2024 оқу жылына арналған
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырған лицей  оқушыларына Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 2023-2024 оқу жылына арналған «Қауіпсіз демалыс» жоспарына сәйкес «Дабыл чемоданы», «Жазғы су айдындарындағы жүріс, тұрыс қағидалары», «Жер сілікінісі кезіндегі 10 қадам» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
«Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына  сынып  сағаттары өткізілді
14
май
2024
«Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» тақырыбында 7-11 сынып
     14 мамыр күні №178 мамандандырылған лицейде «Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына  сынып  сағаттары өткізілді.