21
май
2024
«Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығының» ұйымдастырумен жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушыларының арасында «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті.
Әдеби квестке лицейдің 8 «Ғ» сынып оқушыларынан құралған «Жеңіс» командасы қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын қатар көрсете алды. Квест нәтижесінде, 2-орын мен 100000тг сертификат иегері атанды. Шәкірттерімізді құттықтай отырып, білімдеріңіз шыңдала берсін дейміз!
Сонымен қатар, Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» @ruh.almaty мен @adebi_kwest ұйымдастырушыларына үлкен алғыс білдіреміз!

