Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Педагогтерді бос лауазымға қабылдау туралы
28
февраль
2025
Педагогтерді бос лауазымға қабылдау туралы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№178 мамандандырылған лицейі» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 157-тармағына сәйкес, 2024-2025 оқу жылына бос уақытқа, бос лауазымға конкурстық негізде 2025 жылғы 21-28 ақпан аралығында конкурстың оң нәтижесін алған төмендегі педагогтер жұмысқа қабылданды.
"Құқықбұзушылықтың түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
27
февраль
2025
"Құқықбұзушылықтың түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
№178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып оқушыларына Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Л.Т.Жампеисова мен ДТІЖО Б.Н.Кутумов бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау және олардың құқықтық білімдерін жетілдіру мақсатында "Құқықбұзушылықтың түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты жаратылыстану кафедрасы онкүндігі
26
февраль
2025
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты жаратылыстану
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты жаратылыстану кафедрасы онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанаты «Биология, химия, география білім жәрмеңкесі» атты сайыспен жалғасын тапты. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы түрлі сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар алды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студенттері оқушылардың қан қысымын өлшеп, салмағы мен бойын тексерді. Сонымен қатар, олар денсаулыққа көңіл бөлу қажеттігін ескертіп, пайдалы кеңестер берді.Онкүндіктің
Лицейіміздің мақтанышы!
25
февраль
2025
Лицейіміздің мақтанышы!
Ал, міне, көптен күткен сәт! Республикалық ғылыми жоба байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын қарсы алу үшін лицейіміз ерекше сәттерге куә болды. Біздің қуанышымыз – шығармашылық пен еңбектің жеңісі! Ғылымға құштар, болашаққа ұмтылған талантты оқушыларымыздың жетістіктері — біз үшін үлкен мақтаныш. Олардың еңбегі мен талпынысы өз жемісін беріп, бүкіл лицей ұжымы қуанышқа бөленді. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, сіздер біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін үлгі болардай жас ғалымдарға
СҮЙІНШІ!
24
февраль
2025
СҮЙІНШІ!
Ақтөбе қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша жеңімпаз атанған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! ”Физика”секциясы бойынша: 1-дәрежелі диплом Аманжол Ералы Жұмабек Қажыкелді ”Жер және ғарыш туралы ғылым”секция бойынша: 2-дәрежелі диплом Мамырхан Бекнұр Матаев Аңсар Сіздердің жеңістеріңіз — тек өздеріңіз үшін ғана емес, бүкіл Алматы қаласы үшін зор мақтаныш!
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өтті.
21
февраль
2025
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 9-сынып оқушылары арасында
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өтті. Нәтижесінде: 1-орын – 9 "Ғ" сынып; 2-орын – 9 "З" сынып; 3-орын – 9 "Г" сынып; 3-орын – 9 "Д" сынып оқушылары иеленді. 
«Даналар сөзі-ақылдың көзі» Әженің немере тәрбиесіндегі рөлі
21
февраль
2025
«Даналар сөзі-ақылдың көзі» Әженің немере тәрбиесіндегі рөлі
Қазақ халқының даналарының нақыл сөздері арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту мақсатында 8-сыныптардың ұйымдастыруымен Ұлттық құндылықтарға негізделген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қарттарымыздың өнегелі өмірі мен асыл тәрбиесін үлгі ету.
Педагогтердің бос лауазымға қабылдау конкурсы
21
февраль
2025
Педагогтердің бос лауазымға қабылдау конкурсы
Алматы қаласы Білім басқармасы «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қосымша білім беру педагогы», информатика пәнінің мұғалімі лауазымына бос орнына конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу орны мен мерзімі: Алматы қаласы Алатау ауданы Суаткөл көшесі 41 Байланыс телефоны: +7 (727) 392-54-42 Электрондық мекен-жай: 178mektep_ Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Алматы қаласы Білім басқармасы «№178 мамандандырылған лицей» коммуналдық
«Ерлік сабағы» атты кездесу өтті
21
февраль
2025
«Ерлік сабағы» атты кездесу өтті
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Ерлік сабағы» атты кездесу аудан көлемінде өткізілді. Кездесуге Алатау аудан мектептерінің оқушылары, Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі баскарма бастығының міндетін атқарушы майор Жанболатов Эрнес Жанболатұлы, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің алғашқы әскери дайындақ жөніндегі орынбасары капитан Лесхан Еркинбек, Алматы қаласы Алатау ауданы қорғаныс істері басқармасынан әскери дайындақ жөніндегі инспекторы
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
20
февраль
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында, 11-ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Т.Төлендиева 5 "Б" сыныбында "Қазіргі автокөлік түрлері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың құрылымы оның мазмұны мен мақсатына сәйкес келді. Тапсырмалар жұптық, топта және жеке ұйымдастырылды, әр оқушыға өз білімін, іскерлігін көрсетуге мүмкіндік берілді. Сабақта әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, мұғалім мен оқушылар тарапынан бағалау дер кезінде беріліп, кері байланыс жүргізілді.