Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахмат шыңына ұмтылғандар
10
апрель
2025
Шахмат шыңына ұмтылғандар
«Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігіне орай, 5-8-сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті. Лицей оқушылары өздерінің ой жүйріктіктерімен қарсыластарын таңқалдырды. Біз лицейіміздің шахмат ойынының шыңына ұмтылған жас өнерпаздарымызбен мақтанамыз!  Нәтижесінде: 1- орын – Қуаныш Мейірлан 8 "Г" сынып оқушысы; 2-орын – Нұрбақыт Ерсұлтан 8 "Г"сынып оқушысы; 3-орын – Атажанов Нұртас 8 "Ғ"сынып оқушысы; 5-сыныптар арасында: 1-орын – Отар
Түлектерге бағыт: қорытынды аттестаттау бойынша ақпараттық қолдау - басты назарда
09
апрель
2025
Түлектерге бағыт: қорытынды аттестаттау бойынша ақпараттық қолдау -
2025 жылдың 9 сәуірінде 11-сынып оқушыларына қорытынды аттестаттау өткізу тәртібін түсіндіру және оларды тиімді дайындауға бағытталған қолдау көрсету мақсатында ақпараттық жиналыс өткізілді. Жиын барысында емтихан ережелері, бағалау критерийлері және дайындық жолдары кеңінен түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың сауалдарына жауап беру мен сенімділігін арттыруға бағытталды.
"Ананың аялы алақаны" атты челленджі өтті
09
апрель
2025
"Ананың аялы алақаны" атты челленджі өтті
 "Шабыт" жобасы аясында лицейде мейірім мен махаббатқа толы, жүрекке жылулық сыйлаған «Ананың аялы алақаны» атты челлендж өтті. Бұл бастама аналарға деген құрмет пен алғыс сезімін жеткізудің жарқын көрінісіне айналды.  
Қиялыңа ерік бер
08
апрель
2025
Қиялыңа ерік бер
«Мен полицей қызметкері болғым келеді!» атты сурет салу байқауы 5-8-сынып оқушылары арасында өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың құқық қорғау органдарына деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттері - полицей қызметінің маңыздылығын түсіндіру, достық қарым-қатынасты нығайту және балалардың креативтілігін ынталандыру.
Дұрыс таңдау жасау - "NARXOZ" университетіне саяхат-сабақтарда
08
апрель
2025
Дұрыс таңдау жасау - "NARXOZ" университетіне саяхат-сабақтарда
Дұрыс таңдау жаса! Лицейіміздің 10-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша қаламыздағы жоғары оқу орны, ТОП университеттердің бірі болып саналатын "NARXOZ" университетіне КАМПУС тур жасады. Яғни, саяхат-сабағы жобасы бойынша университеттің ішкі ережелерімен танысып, ғимараттарын аралап, ішкі грант, мемлекеттік гранттар жайлы ақпараттар берілді. Сондай-ақ, кәсіби бағдар беру мамандары келесі жылы университеттің ішкі гранттарына қатысып, өз бақтарын сынап, университет студенті болуға шақырды. 
Өскелең ұрпақпен бірге – қауіпсіз болашаққа
07
апрель
2025
Өскелең ұрпақпен бірге – қауіпсіз болашаққа
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейде 10-11-сынып оқушыларына арналған азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығу сабақтары өтті. Іс-шара 2024-2025 оқу жылына арналған "Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" атты ұран аясында өткізілді. Сабақтың мақсаты – жасөспірімдерге төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікке баулу. Оқушылар теориялық біліммен
Тәрбие тал бесіктен басталады
07
апрель
2025
Тәрбие тал бесіктен басталады
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «КӨМЕК» бағдарламасы аясында 5-11-сынып оқушылары «Алғыс-ізгі ниет» атты сынып сағаттарын  өткізді.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дебат сайысынан жеңімпаздар
07
апрель
2025
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша дебат сайысынан жеңімпаздар
,,Біртұтас тәрбие’’ аясында өткізілген Алатау ауданы бойынша пікірсайыс турнирі өтті. Лицейдің дарынды оқушылары қатысып, жеңімпаз атанды. АПФ | l орын ,,Жеңу үшін қиналу керек емес’’ фракциясы Зақанов Нұрдәулет Шендібай Асанали  ЛД | Ең үздік спикер Зақанов Нұрдәулет
Ата-аналар мен  мектеп жасындағы балаларға  мопед қолдану ережесін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары таныстырды
05
апрель
2025
Ата-аналар мен мектеп жасындағы балаларға мопед қолдану ережесін
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Аккент" ықшам ауданына қарасты учаскелік полиция капитаны Жилкибаев Тойлыбай Серикбайұлы, полиция аға лейтенанты Кокиев Дархан Тлеуғазыұлымен бірлесе отырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы ата-аналар мен мектеп жасындағы балаларға мопед қолдану ережелерімен таныстырды.  
Білім мен білік тоғысқан сәт
04
апрель
2025
Білім мен білік тоғысқан сәт
4 сәуір күні Астана қаласында ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың жаңа парадигмасы: білім сапасы және зияткерлік әлеует» атты республикалық семинар-кеңес табысты өтті! Бұл маңызды шараға Мөлдір Үсенқызы қатысып, оқу сауаттылығын арттырудың заманауи әдістерін талқылауға, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына және оқушылардың мәтінді түсіну дағдыларын жетілдіру жолдарын қарастыруға мүмкіндік алды.Семинар аясында білім беру саласындағы озық