13
август
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықалалық іс-шара өтті
2025 жылдың 12 тамызында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықалалық іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының қолдауымен, №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, “Үздік педагог – 2023” иегері Дусимбаева М.Ү. ұйымдастыруымен “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында Абай шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы өтті. Ұлы Абайдың мұрасын асқақ үнмен жеткізген мұғалімдер көрермендерді терең ойға жетелеп, қазақ сөз өнерінің құдіретін сезіндірді.
Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назигуль Бахытовна
I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Музыка пәнінің мұғалімі Асылбек Аяжан Ерланқызы жүлделі ІІ орынға ие болды.
Педагог-психолог Бақытжанқызы Назерке ұстаздарға тренинг ұйымдастырып, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ұстаздарымыз өнер мен руханияттың мәртебесін көтеруге үлес қосты.