Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Эссе –  көркем ойдың жемісі.
27
март
2025
Эссе – көркем ойдың жемісі.
27.03.2025 жылы N204 жалпы білім беретін мектепте Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас мұғалімдерге “Эссенің негізгі қадамдары”, “ Эссе жазуда жиі кездесетін қателер” тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында N178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ауелбекова Айман Айтжанқызы эссе жазуда қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.    
Лицейде "Оқытудағы заманауи қадамдар: Lesson Study және Action Research әдістері арқылы білім       сапасын арттыру" жолдары қалыптасқан
26
март
2025
Лицейде "Оқытудағы заманауи қадамдар: Lesson Study және Action
"Оқытудағы заманауи қадамдар" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Бұл кеңестің негізгі мақсаты - білім беру үдерісін жетілдіруде Lesson study және Action Research (AR) зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, оқытудың деңгейі мен білім сапасын арттыру жолдарын талқылау болды. Кеңесте педагогтер мен әдіскерлер Lesson study әдісі арқылы оқу процесіндегі инновациялық тәсілдерді, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты арттыруды, сондай-ақ Action Research тәсілі арқылы жеке білім беру
"Таза Қазақстан" атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды
26
март
2025
"Таза Қазақстан" атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды
Бірлік бар жерде, тірлік бар. Лицей ұжымы мен ата-аналар, оқушылар бірлесе отырып, лицей ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында лицей аумағын қоқыстардан тазартып, мектептің көркі мен экологиялық жағдайы жақсартылды. 
Лицейде – республикалық пән олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері қонақта
25
март
2025
Лицейде – республикалық пән олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері
"Біртұтас" тәрбие бағдарламасы аясында лицей ұжымы республикалық пән олимпиадасында топ жарып, жеңіске жеткен дарынды оқушылардың жетекшілерін құшақ жая қарсы алды. Республиканың кіл мықты, майталман мамандарына лицейіміздің дарынды оқушылары өз шығармашылықтарын таныстырып, үздік ұстаздарымыз озық тәжірибелерін таратты. Бұл кездесу білім жолындағы табыстар мен жаңа идеялардың алмасу алаңына айналды. Ұжымымыздың күш-жігері мен шәкірттеріміздің табандылығы арқасында әрбір жеңіс, әрбір қадам —
Наурыз мейрамы меймандарға ұмытылмас әсер қалдырды
22
март
2025
Наурыз мейрамы меймандарға ұмытылмас әсер қалдырды
Әз-Наурыз – тіршілік иесінің жаңаруымен қатар, күн мен түннің теңеліп, көктің шығар шағы. Ауданымызда өткен бұл мереке көктемнің жарқыраған сәулесіндей, жүректерге жаңа серпін мен қуаныш сыйлады. Шараға лицей ұжымы мен ата-аналары, оқушыларынан құрылған шығармашылық топтар салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар ұйымдастыра отырып, қала тұрғындарына мерекелік  көңіл-күй сыйлады. Қала қонақтары бірлік пен татулықтың үндестігіне көз жеткізді. Бұл Наурыз мерекесі қалада нағыз жаңару мен үйлесімділіктің
Наурыз мерекесі: Алматыда көктемнің жаңа үміті мен бірліктің белгісі
21
март
2025
Наурыз мерекесі: Алматыда көктемнің жаңа үміті мен бірліктің белгісі
Наурыз мейрамы – табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің бастауы. Бұл күні тек көктемнің өзі ғана емес, адамдардың жүрегінде де жаңа үміттер орын алады. Алматы қаласы, Алатау ауданында өткен Наурыз мерекесі дәл осы жаңару мен бірліктің, татулықтың үлгісін көрсетіп, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мереке жоғары деңгейде өтті. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлеріміз, құндылықтарымыз қала тұрғындарын ерекше әсерге бөледі. Наурыз мейрамы біздің жүрегімізде әрдайым жаңарып, гүлдене берсін!
Лицейде "Smart бала" жобасының жұмысы жандануда
20
март
2025
Лицейде "Smart бала" жобасының жұмысы жандануда
«Smart бала» жобасы аясында 5-9-сынып оқушыларынан құралған каманда арасынды робототехникадан сайыс өтті. Шарнаның негізгі мақсаты: қатысушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, инновациялық шешімдерді іздеу, инженерлік ойлау мен мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру. Бұл шара жастарды ғылым мен техниканы тереңірек зерттеуге, жаңа технологиялар мен инженерлік идеяларға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.        
19 наурыз – жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз – жаңару күні
«Наурызнама» онкүндігі күнтізбесі бойынша, 19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн табиғаттың оянып, жаңаруын білдіреді. Табиғатты аялау – әрбір адамның борышы. Осыған орай, лицейімізде «Бір отбасы – бір ағаш» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 5 "А" сыныбының оқушылары мен ата-аналары қолдау көрсетіп, лицей ауласына ағаштар отырғызды.
Лицей оқушылары  – «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмінде
19
март
2025
Лицей оқушылары – «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмінде
№178 мамандандырылған лицей оқушылары «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмін көріп, көркем өнердегі құндылықты кино әлемі арқылы тамашалап қайтты. Кино – естелік, кино – тарих , кино – өнер. Фильмнің қайта жанданған классикалық үлгісін көру – ерекше сезім, ерекше сағыныш. Бүгінгі жас ұрпақтың талғамынан шығатын, жаңа үлгідегі аталмыш киноны көру челленджін Алматы қаласы Алатау ауданындағы №201 мектеп-гимназиясына жолдады.
Тәрбие бастауы – салт-дәстүрде
18
март
2025
Тәрбие бастауы – салт-дәстүрде
Қазақ мәдениеті – қазіргі қоғамды ортақ құндылықтар аясына топтастырып, халқымызды біріктіретін діңгегіміз. Бұл ата-бабаларымыздың рухани және мәдени тыныс-тіршілігін толық сезінуге мүмкіндік береді. Осыған орай, лицей оқушылары мен ұстаздары ұлттық салт-дәстүр туралы сахналық қойылымдар қойды.