23
июнь
2025
Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!
Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!
Соңғы уақытта жосықсыз, лицензиясыз жұмыс істейтін білім беру орталықтарының саны артып келеді. Мұндай ұйымдар сапасыз қызмет көрсетіп, оқушылардың білім алуына кері әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты төмендегі мәселелерге назар аударуды сұраймыз:
Тек сенімді, лицензиясы бар білім беру ұйымдарын таңдаңыз.
Ұйымның заңды түрде жұмыс істейтінін Egov.kz немесе Elicense.kz порталдары арқылы тексеруге болады.
Жарнамасы көз тартатын, бірақ заңсыз жұмыс істейтін орталықтарға сақ болыңыз.
Мұндай орталықтар оқушылардың уақыты мен ата-аналардың қаржысын зая кетіреді.
Алаяқтық деректері анықталған жағдайда, міндетті түрде құқық қорғау органдарына немесе аудандық білім бөліміне хабарлаңыз.
Алатау ауданы бойынша барлық мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінде ата-аналар мен оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мақсатымыз – балаларыңыздың сапалы және қауіпсіз білім алуын қамтамасыз ету.
Жауапты мекемелер тарапынан білім беру орталықтарына қатысты тексерулер мен талдау жұмыстары 2025 жылғы 5 шілдеге дейін жүргізілетін болады.
Білім – болашақ кепілі. Өзіңіз бен балаңыздың болашағына бейжай қарамаңыз!
Құрметпен,
Алатау ауданының білім бөлімі