27
июнь
2025
Тау өзеніндегі қауіпсіздік ережелері
ТАУ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР:
1. Балаларды су жанында мүлдем қараусыз қалдырмаңыз, тіпті бір сәтке де.
2. Балаңызға түсіндіріңіз: тау өзені - ойын ойнайтын жер емес. Судың беті тыныш көрінгенімен, бұл оның қауіпсіз екендігін білдірмейді.
3. Тау өзендерінде шомылуға қатаң тыйым салынады! Тіпті таяз ағынның өзі қауіпті болуы мүмкін.
4. Баланың аяқ киімі сырғымайтын және толық жабық болуы тиіс.
5. Жаңбырдан кейін өзен жағасына жақындауға жол бермеңіз - жағалау опырылып кетуі мүмкін.
6. Балаңызбен бірге өзеннен жаяу өтпеңіз - ағынның күші ересек адамды да, баланы да алып кетуі мүмкін.
7. Ауа райын бақылап отырыңыз: тауда жауған жаңбыр кенеттен су тасқынына алып келуі ықтимал.
8. Жаныңызда әрдайым алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен қуаты толық байланыс құралы (телефон) болсын - төтенше жағдайларға дайын болыңыз.
9. Балаңызға өзіңіз үлгі болыңыз - қауіпсіздік ережелерін алдымен өзіңіз сақтаңыз.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
1. Үлкендерсіз өзенге жақындауға болмайды.
2. Су маңындағы тастардың үстіне секіруге болмайды - тайып, құлап кетуің мүмкін.
3. Су бетіне тас, таяқ немесе басқа да заттарды лақтыруға болмайды - бұл қауіпті.
4. Өзен жағасында ойнауға болмайды - жаға шайылып, опырылып кетуі мүмкін.
5. Егер қандай да бір зат суға түсіп кетсе, оны өз бетіңмен алуға әрекеттенбей, міндетті түрде ересек адамға хабарла.
6. Судың жанында жүгірме, айқайлама. Өзен - бұл табиғи нысан, ойын алаңы емес екенін ұмытпа.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
Тау өзені - әсем, алайда өте ҚАУІПТІ табиғи орта.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау - өмір мен денсаулықты қорғаудың негізгі кепілі!