Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Оқушының жақсы нәтижесіне қол жеткізу: Ата-ана мен мектептің рөлі»
03
март
2025
«Оқушының жақсы нәтижесіне қол жеткізу: Ата-ана мен мектептің рөлі»
Лицей және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту мақсатында «Оқушының жақсы нәтижесіне қол жеткізу: Ата-ана мен мектептің рөлі» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында ата-аналарға баласының жекелеген пәндер бойынша оқу үлгерімі таныстырылып, пән мұғалімдерімен сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар ата-аналардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалынды, кері байланыс берілді.
"Табысты мектеп – 2025" жобасы
03
март
2025
"Табысты мектеп – 2025" жобасы
Алматы қаласының Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған N178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы ҚазҰПУнің Биология кафедрасы филиалының “Биология-химияны оқытуда функционалды сауаттылықты дамыту арқылы білім сапасын арттыру” тақырыбындағы бірлескен қалалық семинар-практикумы өтті. "Табысты мектеп – 2025" жобасы және Алматы қаласын дамыту бағдарламасы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған семинар-практикумға Алматы қаласы
АТУ-дегі өндірістік сабақ
28
февраль
2025
АТУ-дегі өндірістік сабақ
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары Алматы Технологиялық Университетіне барып, өндірістік сабақ жобасына қатысып қайтты. Аталған университетте химия-биология және физика-математика пәндері бойынша мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, профессорлар мен ғалымдардың жасаған өнімдерін оқушыларға таныстырды. Университет ғимаратындағы лабораториялардың жұмыстары оқушылардың қызығушылығын оятты.
“Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу” атты онкүндік
28
февраль
2025
“Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу” атты онкүндік
Көңілді үзіліс – білім мен сергіту уақыты! 24 ақпан 2025 жылы №178 мамандандырылған лицейде “Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу” атты онкүндік аясында көңілді үзіліс өтті! Оқушылар табиғаттың ғажайып сырларын ашып, қызықты викториналарға қатысып, экологиялық ойындар ойнады. Көңілді үзілістің пайдасы: Сабақтан кейінгі сергіту Шығармашылық ойлауды дамыту Жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты арттыру Білім алумен қатар, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ерекше сәттерден естелік
«Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын көтерудің басты шарты» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті.
28
февраль
2025
«Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын көтерудің
2025 жылдың 28 наурызында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын көтерудің басты шарты» тақырыбында Педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде: Аралық, қорытынды аттесттаттау кестесін бекіту; өмір қауіпсіздігін қорғау және сақтау және төтенше жағдайлар және «Азаматтық қорғаныс» штабының атқарған жұмыстары бойынша; әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына қолдау көрсету жұмыстарының қорытындысы; педагог кадрларды аттестаттау барысы туралы баяндамалар мен таныстырылымдар
Педагогтерді бос лауазымға қабылдау туралы
28
февраль
2025
Педагогтерді бос лауазымға қабылдау туралы
Алматы қаласы Білім басқармасының «№178 мамандандырылған лицейі» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 157-тармағына сәйкес, 2024-2025 оқу жылына бос уақытқа, бос лауазымға конкурстық негізде 2025 жылғы 21-28 ақпан аралығында конкурстың оң нәтижесін алған төмендегі педагогтер жұмысқа қабылданды.
"Құқықбұзушылықтың түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
27
февраль
2025
"Құқықбұзушылықтың түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
№178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып оқушыларына Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Л.Т.Жампеисова мен ДТІЖО Б.Н.Кутумов бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, болдырмау және олардың құқықтық білімдерін жетілдіру мақсатында "Құқықбұзушылықтың түрлері" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты жаратылыстану кафедрасы онкүндігі
26
февраль
2025
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты жаратылыстану
«Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу» атты жаратылыстану кафедрасы онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанаты «Биология, химия, география білім жәрмеңкесі» атты сайыспен жалғасын тапты. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы түрлі сұрақтарға жауап беріп сыйлықтар алды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студенттері оқушылардың қан қысымын өлшеп, салмағы мен бойын тексерді. Сонымен қатар, олар денсаулыққа көңіл бөлу қажеттігін ескертіп, пайдалы кеңестер берді.Онкүндіктің
Лицейіміздің мақтанышы!
25
февраль
2025
Лицейіміздің мақтанышы!
Ал, міне, көптен күткен сәт! Республикалық ғылыми жоба байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын қарсы алу үшін лицейіміз ерекше сәттерге куә болды. Біздің қуанышымыз – шығармашылық пен еңбектің жеңісі! Ғылымға құштар, болашаққа ұмтылған талантты оқушыларымыздың жетістіктері — біз үшін үлкен мақтаныш. Олардың еңбегі мен талпынысы өз жемісін беріп, бүкіл лицей ұжымы қуанышқа бөленді. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, сіздер біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін үлгі болардай жас ғалымдарға
СҮЙІНШІ!
24
февраль
2025
СҮЙІНШІ!
Ақтөбе қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша жеңімпаз атанған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! ”Физика”секциясы бойынша: 1-дәрежелі диплом Аманжол Ералы Жұмабек Қажыкелді ”Жер және ғарыш туралы ғылым”секция бойынша: 2-дәрежелі диплом Мамырхан Бекнұр Матаев Аңсар Сіздердің жеңістеріңіз — тек өздеріңіз үшін ғана емес, бүкіл Алматы қаласы үшін зор мақтаныш!