Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Демократия — бұл билік халыққа тиесілі болып табылатын мемлекеттік құрылымның бір түрі.
05
февраль
2025
Демократия — бұл билік халыққа тиесілі болып табылатын мемлекеттік
Демократиялық жүйеде азаматтар тікелей де, сайланған өкілдер арқылы да мемлекетті басқаруға қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға құқылы. Оқушыларға "сайлау" және "демократия" сөздерімен ассоциацияларды келтіру ұсынылды. Талқылау жүргізіліп, оқушылар өз нұсқаларымен бөлісті.
«Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты пікірталас  ұйымдастырылды.
05
февраль
2025
«Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты пікірталас
N178 мамандандырылған лицейдің “Gen-Z” ағылшын тілі дебат клубының жоспары негізінде оқушылар арасында «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жемқорлық туралы түсінігін кеңейту, оның қоғамға тигізетін зиянын талқылау және адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау.   
"Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет байқауы өтті
05
февраль
2025
"Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет байқауы өтті
"Aдал ұрпақ" ерікті лицей клубының жоспарына сәйкес 5, 7 сынып оқушылары арасында "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет салу байқауы өтті. Мақсаты–оқушылардың суретке деген қызығушылықтарын арттырып, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу. Нәтижесі бойынша 1 орын Төлеухан Інжу, 2 орын Дарханқызы Сындар, 3 орын Ергөбек Раяна ие болды. 
Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні
04
февраль
2025
Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні
2025 жылдың 4 ақпан күні лицей оқушыларына жиналыс өтті. Іс-шара Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне орай ұйымдастырылды Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріп, ғаламтордағы киберқауіптер, жеке мәліметтердің құпиялығы және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану жолдары жайлы айтты. Сонымен қатар, интернет алаяқтарынан сақтану және зиянды контенттен қорғану тәсілдері туралы маңызды ақпарат
5-11 сынып оқушыларына "Жасампаздық және жаңашылдық/Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
03
февраль
2025
5-11 сынып оқушыларына "Жасампаздық және жаңашылдық/Цифрлық әлемде
5-11 сынып оқушыларымен "«КӨМЕК» бағдарламасы /Жасампаздық және жаңашылдық/Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам/ тақырыбында сынып сағаттары өтті.
178 мамандандырылған лицейде халықаралық конференция өтті
03
февраль
2025
178 мамандандырылған лицейде халықаралық конференция өтті
24 қаңтар 2025 жылы «Заманауи мектептерде цифрлық білім беруді дамыту және жетілдіру жолдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл маңызды шара 1 Евразия арнасында жаңалықтарда көрсетілді!
"Қыс қызықтары"  атты эстафеталық жарыс өтті
03
февраль
2025
"Қыс қызықтары" атты эстафеталық жарыс өтті
N178 мамандандырылған лицейде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Қыс қызықтары" атты эстафеталық жарыс өтті. Нәтижесі бойынша 1 орын 10 "Г" сынып 2 орын 9 "Ғ" сынып 2 орын 9 "А" сынып иеленді.
Хабарландыру!
03
февраль
2025
Хабарландыру!
ЕЛІМІЗДЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 5, 6, 7, 8-СЫНЫПТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ҚҰЖАТТАРЫН ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ 📜 Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. ✔️ Құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау 2025 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында
«Ұлттық киім–ұрпаққа мұра»  тақырыбында лицей оқушыларымен ұлттық челлендж түсірілді.
03
февраль
2025
«Ұлттық киім–ұрпаққа мұра» тақырыбында лицей оқушыларымен ұлттық
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы негізінде «Ұлттық киім–ұрпаққа мұра» тақырыбында лицей оқушыларымен ұлттық челлендж түсірілді. Мақсаты: ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау, ұлттық киімдерді таныстыру.
Тоғызқұмалақтан ұлттық мектеп лигасы
29
январь
2025
Тоғызқұмалақтан ұлттық мектеп лигасы
22.01.2025 күні Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша №14 жалпы білім беретін мектепте "Ұлттық мектеп лигасы" аясында 7-8 сыныптар арасында тоғызқұмалақ спорт түрінен аудандық іріктеу өтті. Жарысқа аудан мектептерінен іріктелген, ең мықты деген командалар қатысты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша лицейіміздің командасы 🥇орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы уақытта болатын қалалық жарыста жеңіс, сәттілік тілейміз!