Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы»  оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 7 ә сынып оқушысы Еркінбекқызы Үкілай анасымен тоғызқұмалақ ойнады.
13
январь
2025
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын тиімді
«Ұлттық ойын — ұлт қазынасы» жобасы аясында 7”Ә” сынып оқушысы Еркінбекқызы Үкілай анасымен бірге тоғызқұмалақ ойнап, ұлттық мәдениеттің бір бөлшегін насихаттап келеді. Бұл ойынды ойнау арқылы Үкілай тек бос уақытын тиімді өткізбей, ұлттық құндылықтарымызды да жаңғыртуда. Тоғызқұмалақ – логикалық ойлау қабілетін арттырып, ұлттың рухани байлығын сақтап қалудың маңызды жолы. Үкілай мен оның анасына шығармашылық шабыт пен жеңіс тілейміз! Бала мен ата-ана арасындағы осындай керемет байланыс және
"Өнегелі 15 минут" жобасы аясында 7 ә сынып оқушысы Жұмай Кәусар "Ерке сылқым" күйін шертті
13
январь
2025
"Өнегелі 15 минут" жобасы аясында 7 ә сынып оқушысы Жұмай Кәусар
"Өнегелі 15 минут" жобасы аясында 7”Ә” сынып оқушысы Жұмай Кәусардың орындауында «Ерке сылқым» күйін тыңдап, жоғары деңгейде өнер көрсеткенін қуанышпен хабарлаймыз! Кәусардың музыкалық таланты, оның шеберлігі мен күйді нақ әрі сезіммен орындауы барша тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.   Осындай дарынды жастарымыздың өнері, халық мәдениетін сақтап, әрі дамыта отырып, болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз!   "
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді
13
январь
2025
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру
Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары лицейімізге келіп, 11-сынып оқушыларына университет және грант пен мамандықтар жайлы ақпараттарды түсіндірді.
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
10
январь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2025 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату
Роботтар Чемпионатындағы жетістік— жаңа мүмкіндік.
10
январь
2025
Роботтар Чемпионатындағы жетістік— жаңа мүмкіндік.
Роботтар Чемпионатындағы жетістік— жаңа мүмкіндік. 08-09 қаңтар күндері Алматы қаласында Сулейман Демирель университеті базасында өткен республикалық Роботтар чемпионатына №178 мамандандырылған лицейден 3 команда қатысты.FTC бағыты бойынша “Zok juniors” командасы Центральная Азия жарысына тікелей КВОТА ұтып алды! FLL бағыты бойынша “Absolute” және “TechoWings” командалары роботтар жарысы және инновациялық жобада үздіктер қатарынан көрінді. #РоботтарЧемпионаты #ZokJuniors #Absolute #TechoWings
"Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" атты кітап оқу акциясын ұйымдастырды.
09
январь
2025
"Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" атты кітап оқу акциясын
Лицей кітапханашылары "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" атты кітап оқу акциясын ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.    
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушылары арасындағы қалалық олимпиаданың І кезеңі өтті.
08
январь
2025
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушылары арасындағы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11-сынып оқушылары арасындағы қалалық олимпиаданың І кезеңі өтті. Лицейімізден 11 пән бойынша, 53 оқушы қатысып, өз бақтарын сынап қайтты. Оқушыларымыз ертең ІІ кезеңіне қатысады. Сәттілік тілейміз!
"Нашақорлықтың зияны мен зардабы" тақырыбында 9-11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
07
январь
2025
"Нашақорлықтың зияны мен зардабы" тақырыбында 9-11-сынып оқушыларына
"Нарко-стоп 2025" қоғамдық қорының қызметкері Тажибаев Ерлан "Нашақорлықтың зияны мен зардабы" тақырыбында 9-11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
5,7-8 сынып оқушылары "Менің қысқы демалысым" тақырыбында эссе жазды.
06
январь
2025
5,7-8 сынып оқушылары "Менің қысқы демалысым" тақырыбында эссе жазды.
Қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында 5,7-8 сынып оқушылары "Менің қысқы демалысым" тақырыбында эссе жазды.  
«Физика пәнінің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум өткізілді.
06
январь
2025
«Физика пәнінің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы қалалық
2025 жылы 06 қаңтарда №178 мамандандырылған лицей базасында  Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Жакыпова Назима Балапановнаның ұйымдастыруымен «Физика пәнінің оқытылу сапасын жетілдіру» тақырыбындағы қалалық семинар-практикум өткізілді.  Мақсаты:  Физика  пәнінің білім беру үдерісін ұйымдастыру тиімділігін, физикалық білім беру сапасын арттыру бойынша педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру.  Алғашқы сөз