Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаңтар ҰБТ нәтижесі
28
январь
2025
Қаңтар ҰБТ нәтижесі
2025 жылдың қаңтар айында ҰБТ өтуде. Лицейдің 190 оқушысы қаңтар ҰБТ-не қатысуға өтініш берді. Апталық қорытынды: орташа балл - 80, 130 балл – Мамырхан Бекнұр, Аманбай Ерасыл, 125 балл – Иса Ботакөз, Балтаева Тоғжан, 121 балл – Жұмаханова Еркежан, 119 балл – Нұрланбек Әділжан, 118 балл – Мәлібекқызы Аяжан жинады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
28
январь
2025
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің жоғарғы сынып оқушылары арасында Алматы қаласы ПБ жанындағы ПБ КПБ-нің жедел уәкілдері Б.Б.Зиябеков және А.Н.Отаровтың қатысуымен ЖПҚБ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Л.Т.Жампеисова жалпы құқықтық тақырыпта профилактикалық әңгіме жүргізді.
“Лицей – Бала – Ата-ана” атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
28
январь
2025
“Лицей – Бала – Ата-ана” атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
2025 жылдың 25 қаңтар күні Алатау ауданы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында 5-11-сынып ата-аналарына арналған “Лицей – Бала – Ата-ана” атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Бұл маңызды шараның басты мақсаты – ата-аналар мен лицей арасындағы тығыз байланысты орнату және өзара түсіністік қалыптастыру. Жиналыс барысында білім сапасы, оқушылардың тәртібі, сабақтан тыс іс-шаралар және басқа да білім беру мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды. Ата-аналар мен мұғалімдер арасында
«Заманауи мектептерде цифрлық білім беруді дамыту және жетілдіру жолдары»
28
январь
2025
«Заманауи мектептерде цифрлық білім беруді дамыту және жетілдіру
2025 жылдың 23-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен «Заманауи мектептерде цифрлық білім беруді дамыту және жетілдіру жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кoнфepeнция өтті. Конференцияға еліміздің әр аймағынан 200-дан астам мақала келіп, 120-дан астам педагог қатысты. Онлайн, офлайн форматында өткен шараға орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері мен мамандары жиналды.
"Спорт - сенің серігің"
27
январь
2025
"Спорт - сенің серігің"
N178 мамандандырылған лицей кітапханашыларының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында "Спорт - сенің серігің" атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір сүруге, зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ
27
январь
2025
ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ
Ахмет Жасия қалалық "Абай әлемі" байқауының "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." эссе жазу байқауында ІІ орын иеленді! 🎉 Жас таланттың Абай шығармашылығына деген терең құрметі мен сезімталдығы байқаудың жоғары бағалануына себеп болды. Жас қаламгеріміздің алдағы уақытта да шығармашылық жетістіктері көп болатынына сенімдіміз! Құттықтаймыз, Жасия!
Физика-информатика кафедрасының онкүндігі
27
январь
2025
Физика-информатика кафедрасының онкүндігі
Физика-информатика кафедрасының онкүндік аясында информатика пәнінің мұғалімі Бақытова Айша Маратқызы 7 “Г” сыныбына “Тармақталған алгоритмдерді программалау” тақырыбына ашық сабақ өтті. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
27
январь
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
“ZOK juniors” командасы Ақтау қаласында өткен “Batys First Championship” робототехника жарысында «Design award winner» номинациясын жеңіп, ерекше жетістікке жетті! 🌟 Сонымен қатар, 31.01.2025 күні өтетін “Digital MINISTRY CUP” жарысына квота да ұтып алды! 🚀 Бұл командаңыздың табандылығы мен шығармашылығын көрсететін тамаша жетістік! Алдағы жарыстарда да сәттілік тілейміз!
Физика-информатика кафедрасының онкүндігі
27
январь
2025
Физика-информатика кафедрасының онкүндігі
Физика-информатика онкүндігі аясында 9-10 сыныптар арасында “Физикалық лабиринт” тақырыбында сайыс ойын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. 
“ТӘРТІП-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ” айдарында  №178 мамандандырылған лицейде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жұмыс жоспарына сәйкес «КӨМЕК» бағдарламасы аясында
27
январь
2025
“ТӘРТІП-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ” айдарында №178 мамандандырылған лицейде
“ТӘРТІП-ТӘРБИЕ БАСТАУЫ” айдарында №178 мамандандырылған лицейде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының жұмыс жоспарына сәйкес «КӨМЕК» бағдарламасы аясында 5-11-сынып жетекшілері “БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.