22
август
2025
БАРЛЫҒЫ БАҚЫТТЫ БАЛА ҮШІН
БАРЛЫҒЫ БАҚЫТТЫ БАЛА ҮШІН
2025 жылдың 22 тамызы — N178 мамандандырылған лицей үшін ерекше күндердің бірі. Лицей қабырғасында 5 және 7-сыныпқа жаңадан қабылданған оқушылар мен олардың ата-аналары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Аталған шара “Барлығы бақытты бала үшін” деген мазмұнды ұранмен өтті. Шараның мақсаты: білім ордасының есігін алғаш рет ашқан балалардың бойында сенім мен қызығушылық ояту, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ лицейдің оқу-тәрбие процесімен жан-жақты таныстыру болды.
Бұл күн — балалар үшін жаңа білім ордасымен танысудың алғашқы баспалдағы ғана емес, үлкен ортаға батыл қадам жасаудың бастауы болды.
Ата-аналар болса, лицейдің тәрбиелік бағыты мен сапалы білімге деген ұмтылысын өз көздерімен көріп, көңілдеріне сенім ұялатты.
N178 мамандандырылған лицейі – баланың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын орта.
Біз білім беруді тек оқулықпен шектемейміз, біз — болашақ тұлғаны қалыптастыру жолында ата-ана мен ұстаздың серіктестігін жоғары бағалаймыз.
Біз үшін әрбір бала – ерекше, әр бала – бақытты болуға лайық.