Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!
09
май
2025
Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!
9 Мамыр — Жеңіс күні қарсаңында лицей әкімшілігі мен оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері, қазыналы қариямыз Анефияев Көлбай атамызды арнайы барып құттықтады. Жас буын ардагер атамызға алғыс айтып, гүл шоқтарын тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Көңілі босап, ел мен жер үшін күрескен күндерін еске алған Көлбай ата оқушыларға батасын беріп, ақ тілекпен шығарып салды. Біз үшін бейбіт күн — осы кісілердің жанқияр ерлігінің арқасы. Қаһарман аталарымыздың ерлігі — мәңгі жадымызда.
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»  оқушылардың бос уақытын ойын ұйымдастырылды.
08
май
2025
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын ойын
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» оқушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыруы лицей оқушылар ұлттық болмыс пен ұлттық мүддені насихаттау, оқушылардың үзілісте бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар асық, тоғызқұмалақ ойнайды.
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
08
май
2025
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы Алматы қаласы мамандандырылған балалар үйінде ерекше шара өтті. «Қамқор» жобасының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына еріктілер, демеушілер мен лицей оқушылары белсене қатысты. Балаларға қуаныш сыйлап, оларға мейірім мен махаббатқа толы көңіл күй тарту еткен бұл игі шара – бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Қайырымдылық – жүректен, ал мейірімділік – әрекеттен басталады!
«Лицей сұлтаны-2025»  байқауы өтті
08
май
2025
«Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті. Нәтижесінде: Бас жүлде: Анарбек Иманали, 8 «Ә» сынып оқушысы; 1-орын: Қайырхан Нұржан, 8 «Б» сынып оқушысы; 2-орын: Мейрамбек Ерсұлтан, 7 «Г» сынып оқушысы; 2-орын: Шарубек Нартай, 7 «Ә» сынып оқушысы; 3-орын: Әлкен Ерасыл, 8 «Ғ» сынып оқушысы жеңіп алды.
Сенбілік – тазалық кепілі
08
май
2025
Сенбілік – тазалық кепілі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай лицейімізде тазалық пен тәртіпке арналған сенбілік өтті! Бұл – тек аула тазарту емес, бұл – ұрпаққа құрмет, табиғатқа жанашырлық, өз ортаңа деген сүйіспеншілік!  Біздің мақсат – лицейімізді жай ғана таза ұстау емес, оны шабыттандыратын, жарқыраған білім ордасына айналдыру! Оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер – барлығы бір мақсатпен бірігіп, аула тазалап, жасыл желекке күтім жасады.  
"Күй күмбірі” жобасы аясында  лицей оқушылары үзіліс уақытында күй шертті
06
май
2025
"Күй күмбірі” жобасы аясында лицей оқушылары үзіліс уақытында күй
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде “Күй күмбірі” жобасы аясында лицей оқушылары үзіліс уақытында күй шертіп, көңілді үзіліс ұйымдастырды.
«Ерлікке тағзым – Мәңгілік даңқ» патриоттық іс-шара
06
май
2025
«Ерлікке тағзым – Мәңгілік даңқ» патриоттық іс-шара
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында лицейде ерекше маңызы бар тағылымды шара өтті. 8-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен "Ерлікке тағзым – Мәңгілік даңқ" атты патриоттық іс-шарада жас ұрпақ ел үшін жанын қиған батырлардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін еске алды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен елжандылық, жауапкершілік пен рухани байлық қасиеттерін тәрбиелеу. Жастарымыз тарихты ұмытпай, ерлік шежіресінен үлгі алып өссе – ел болашағы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті
06
май
2025
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының маманы психология ғылымдарының магистрі, философия ғылымдарының кандинанты, дінтанушы Алимгожинова Мадина Серікқызы лицей оқушыларына «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
"Тарих ата" олимпиадасынан лицей қоржыны 54 медальмен толықты
06
май
2025
"Тарих ата" олимпиадасынан лицей қоржыны 54 медальмен толықты
Тарихты тану - болашақты бағдарлау. Ұлы даланың тарихын тереңнен танып, "Тарих ата" республикалық қашықтық олимпиадасында білімдерімен оза шапқан №178 мамандандырылған лицейдің жас зияткерлерін - жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Бұл - жай ғана жеңіс емес, бұл - білімге деген құштарлықтың, тынымсыз еңбектің, ұстаздар мен ата-ананың бірлескен жемісі! Жас ізденімпаздарға алдағы уақытта да биік белестер тілейміз!
Саптық түзеу – тәртіп жолы
05
май
2025
Саптық түзеу – тәртіп жолы
2025 жылдың 05 мамыр күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында лицейішілік саптық түзеу өтті. Бұл дәстүрлі саптық жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды. Сонымен қатар, білім алушыларға тәрбиелік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар жетістіктермен марапатталды.