08
май
2025
Сенбілік – тазалық кепілі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай лицейімізде тазалық пен тәртіпке арналған сенбілік өтті! Бұл – тек аула тазарту емес, бұл – ұрпаққа құрмет, табиғатқа жанашырлық, өз ортаңа деген сүйіспеншілік! Біздің мақсат – лицейімізді жай ғана таза ұстау емес, оны шабыттандыратын, жарқыраған білім ордасына айналдыру! Оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер – барлығы бір мақсатпен бірігіп, аула тазалап, жасыл желекке күтім жасады.
