Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
17
февраль
2022
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының аудандық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы Бас жүлде иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілеп, алдағы қалалық деңгейде өтетін жыр мүшайрасынан жеңімпаз болып оралуына шын жүректен тілектеспіз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!
«Қамал»  тренингі жүргізілді.
17
февраль
2022
«Қамал» тренингі жүргізілді.
     №178 мамандарылған лицейдің педагог-психологы Ш.С.Асилова ұстаздармен «Қамал» тренингін жүргізді. Ұстаздар осы психологиялық тренинг арқылы өз бойларындағы қорқыныш пен үрейден арылды. Олар ақыл мен күшті жүрекпен сезіне білді. Бойындағы бар жақсылықты бағалап, талантын талаппен ұштап, жігерін қайратпен серік етіп әрекеттенді, алынбайтын қамал жоқ екенін түсіне білді.
TURAN  университетінің арнайы өкілдері 11-сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.
17
февраль
2022
TURAN университетінің арнайы өкілдері 11-сынып түлектеріне арнап
    №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласында орналасқан TURAN университетінің арнайы өкілдері 11-сынып түлектеріне арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді: GRAND PROJECT бакалавриат бағдарламалары, гранттар мен жеңілдіктер туралы ақпараттық презентацияларын ұсынды және де Мемлекеттік Грант ұтып алу мүмкіндіктері туралы да айтылды.
Алатау ауданының мектептері физика, математика пәндерінен республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда.
16
февраль
2022
Алатау ауданының мектептері физика, математика пәндерінен
   2022 жылдың 16 ақпан күні Алатау ауданының барлық білім беру ұйымдарының шәкірттері физика және математика пәндерінен республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуда. Физика пәні бойынша 17 оқушы, ал математика пәнінен 27 оқушы өз білімін сынауда. Физика мен математика ғылымының қыр-сырларын меңгерген жас та болса, талантты, дарынды ізденімпаздарға тек сәттілік тілейміз!
Оқушылар  "Әгугәй мен Игигәй" атты халықтық ертегіге құралған премьераны "Алатау" дәстүрлі өнер театрында тамашалады.
16
февраль
2022
Оқушылар "Әгугәй мен Игигәй" атты халықтық ертегіге құралған
   Лицейіміздің оқушылары "Балалар жылы" аясында "Әгугәй мен Игигәй" атты халықтық ертегіге құралған премьераны "Алатау" дәстүрлі өнер театрына барып, сахналық қойылымды тамашалап қайтты. Ертегінің басты мақсаты - оқушыларды халықтық шығармашылыққа, ұлттық дүниелерді жетік білуге шақыру.Тәрбиелік мәні - оқушылардың сана-сезімін ояту, салт-дәстүрді , әдет-ғұрыпты үйрету.
«Көру зейінін дамыту» тақырыбында  психологиялық тренинг өткізілді
16
февраль
2022
«Көру зейінін дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді
№178 мамандандырылған лицей психологі Г.Ж. Жамалова «Көру зейінін дамыту» тақырыбында 8-сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізілді.Тренингтің негізгі мақсаты: зейіннің тұрақтылығын, көру зейінін дамыту. Көңіл – күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Ж.Е. Ногайбаеваның еңбегі "Didaktika" Республикалық ғылыми-практикалық әдістемелік журналда жарық көрді.
16
февраль
2022
Ж.Е. Ногайбаеваның еңбегі "Didaktika" Республикалық
  №178 мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ногайбаева Ж.Е. "Didaktika" Республикалық ғылыми-практикалық әдістемелік журналына өз тәжірибиесімен бөлісіп, материалын жариялағаны үшін сертификат берілді және ағартушылық еңбегін жоғары деңгейде жазғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
"Қашықтықтан оқыту салдарынан оқушылардың білім деңгейін көтеру және мотивациялау амалдары" тақырыбында республикалық семинар өтті.
16
февраль
2022
"Қашықтықтан оқыту салдарынан оқушылардың білім деңгейін көтеру және
    Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен өткізілген "Қашықтықтан оқыту салдарынан оқушылардың білім деңгейін көтеру және мотивациялау амалдары" тақырыбындағы Республикалық семинарға №178 мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: А.З. Танцарова мен Ж.К. Битимбаева қатысып, семинарға қатысушылармен тәжірибе алмасты және сертификаттарға ие болды.
«Қазақ отбасында ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» тақырыбында пікір-талас өткізілді.
16
февраль
2022
«Қазақ отбасында ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер мен
   Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. №178 мамандандырылған лицейде 8-сыныптар арасында «Қазақ отбасында ұлдар мен қыздарды тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» тақырыбында пікір-талас өткізілді. Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне
«Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты нанымдары мен тыйымдары» тақырыбында өткізген  танымдық сабағы.
16
февраль
2022
«Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты нанымдары мен тыйымдары»
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов әдістемелік көмек беру мақсатында 9 "Е" сынып жетекшісі Нұртай Мөлдірдің «Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне қатысты нанымдары мен тыйымдары» тақырыбында өткізген танымдық сабағына қатысты.