Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Д.Қонаев - Қазақстан Республикасының  демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретіндегі даму мұрасы" атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы.
18
февраль
2022
"Д.Қонаев - Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық,
    Өзін-өзі басқару ұйымының аясында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик, өнегелі әрі ұлы тұлға Д.А. Қонаевтың 110 жылдығына орай "Д.Қонаев - Қазақстан Республикасының демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретіндегі даму мұрасы" атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына лицейіміздің 10 "В" сынып оқушысы Өмен Меруерт Сәрсенғалиқызы "Ақкөңілділігі баладай, ағалығы данадай, биіктігі асқар алатаудай, заңғар Д.А.Қонаев" тақырыбында зерттеу жұмысын қорғады.Ғылыми
«British Bulldog» Халықаралық байқаудың ұйымдастыру комитеті №178 мамандандырылған ағылшын тілі пән мұғалімдеріне алғысын білдірді.
18
февраль
2022
«British Bulldog» Халықаралық байқаудың ұйымдастыру комитеті №178
🥇🥈🥉Халықаралық байқауға оқушы дайындап, қатыстырған жүлдегерлер мен қатысушылардың жоғары білім деңгейі үшін ағылшын тіліндегі «British Bulldog» Халықаралық байқаудың ұйымдастыру комитеті №178 мамандандырылған ағылшын тілі пән мұғалімдеріне алғысын білдірді.Құтты болсын!  
«Менің эмоцияларым» тақырыбында  психологиялық тренинг өткізді.
18
февраль
2022
«Менің эмоцияларым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
    №178 мамандандырылған лицей психологі Жамалова Гаухар Жақсыбекқызы «Менің эмоцияларым»  тақырыбында 7-сынып оқушыларына психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: айналадағы адамдардың көңіл-күйін сезінуді дамыту және өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуді қадағалау.
7-сынып қыздарымен жиналыс жүргізілді.
18
февраль
2022
7-сынып қыздарымен жиналыс жүргізілді.
   №178 мамандарылған лицейдің педагог-психологы Ш.С.Асилова 7-сынып қыздарымен жиналыс жүргізді. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын өзінің ерекше болмысымен көзге түсері екенін түсінді. Қатысушы қыздар қазақ қызының бойындағы адамгершілік қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұратындығын ортаға салып, талқылады.
Оқушылар «Alatau Creative Hub» орталығына барып, заманауи кітапхана қорымен танысты.
17
февраль
2022
Оқушылар «Alatau Creative Hub» орталығына барып, заманауи кітапхана
16.02.2022 күні 7ғ және 7д сынып оқушылары «Alatau Creative Hub» орталығына барып, заманауи кітапхана қорымен танысып, бос уақытты тиімді өткізу үшін маңызды ақпарат алып қайтты. Сынып жетекшілері М.К. Кенжебаева мен А.А. Ауелбекова оқушыларды орталықта орналасқан өнер мұражайына саяхат жасату арқылы Ұлы Даланың саз өнерінің тарихымен терең танысуға мүмкіндік жасады. Халықтық музыка тарихы, дәстүрлі ән өнері туралы ақпараттар оқушылардың рухани жан дүниесін байытып, мәдениетіміз бен
Халықаралық сервис және менеджмент колледж өкілдері кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді.
17
февраль
2022
Халықаралық сервис және менеджмент колледж өкілдері кәсіби бағдар
    №178 мамандандырылған лицейде Алматы қаласында орналасқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университетіне қарасты Халықаралық сервис және менеджмент колледж өкілдері 9-сынып оқушыларына арнап кәсіби бағдар жұмыстарын өткізді: Маркетинг, Банк және сақтандыру ісі мамандықтары, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту; таңдау бойынша 2 шет тілін үйрену (қытай, корей, түрік, неміс және т.б.) туралы ақпарат берілді.
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы.
17
февраль
2022
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы.
    Алматы қаласы "Алматы дарыны" жас дарынды және талантты балаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ә" сынып оқушысы Аман Мұқағали "Шымкент-Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында жүріп, "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық жас пікір-сайысшылар лигасы атты II ауысым бағдарламасы барысында өткізілген "Ұшқыр ой алаңы" топ визиткасын қорғау кешіне белсене қатысып, "Ең үздік топ" номинациясын иеленді. Жеңісті күндерің көп болсын!!!
"Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
17
февраль
2022
"Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы" тақырыбында түсіндірме
    №178 мамандандырылған лицейде 7-сынып оқушыларына "Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге, оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау; сандық сауаттылығын арттыру; оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру.
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
17
февраль
2022
"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме
    №178 мамандандырылған лицейде 5-6 сынып оқушыларына "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту. Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.