Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
22
февраль
2022
"АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" тақырыбында дөңгелек
   Мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Исабаева Балмира Таупыққызының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу, оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Іс-шара барысында 5-сынып оқушыларының қатысуымен Тіл білімі
"Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес тренинг өткізілді.
22
февраль
2022
"Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес тренинг
  №178 мамандандырылған лицейде "Адал Ұрпақ" еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік-құқықтық тәрбие бойынша азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне және білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыруға бағытталған тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: 9-сынып білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипатты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Абай" ғылыми-практикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұргүл Әбдіразақ қазылар алқасында.
22
февраль
2022
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Абай" ғылыми-практикалық зерттеу
   Өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес өтетін поэзия кештеріне әділ бағасын беру үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Абай" ғылыми-практикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Нұргүл Әбдіразақ арнайы келіп, оқушыларымыздың өнерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтауда тұрақты қазылар алқасынан табылуда. Өзара ынтымақтастық үлкен биіктерге, нәтижелерге жетелесін! 
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
22
февраль
2022
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
  Қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – әр мектептің басты әрекеті. Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының дәстүрі, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет. Осы орайда лицейде оқушыларды қолөнерге баулу, олардың шеберлігін дамыту қолға алынған. Мәселен, 6 "Б" сынып оқушылары бүгінгі көркем еңбек сабағында қолөнер жұмыстарын дәріптеп, өрмек тоқуды насихаттады.
6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле  С. Мұратбековтің "Жусан иісі" повесі арқылы өз шығармашылығын шыңдауда.
22
февраль
2022
6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле С. Мұратбековтің "Жусан иісі"
   Соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысын шығармаларына арқау еткен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің бас кейіпкері – Аян. «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілерді ойдан шығаратын Аян бақытты балалық шақтың қызығын көрмей өскен. Осы кейіпкердің хикаяты жайлы лицейдің 6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле оқып шығып, өз шығармашылығын шыңдауда.
"Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс
22
февраль
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс
Ең құнды сыйлық бұл – қолдан жасалған туынды. Өз қолыңызбен сыйлық жасау жағымды әрі пайдалы, ол қиялды дамытады және біздің дағдылар ауқымын кеңейтеді. Сонымен қатар, сіздің сүйікті адамдарыңыз сізге өз жанының бір бөлігін және жылы қарым-қатынасты салған эксклюзивті сыйлықты сыйлық ретінде алу өте жағымды. Өзін-өзі басқару ұйымының "Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс алда келе жатқан 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қолдан анасына мерекелік сыйлық дайындау үстінде.
Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану пәндері бойынша оқушылар  пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін аяқтады.
22
февраль
2022
Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану пәндері бойынша оқушылар пәндік
   2022 жылдың 14-22 ақпан аралығында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикамыздың барлық өңірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық пәндік олимпиада өткізілді. 2022 жылдың 22 ақпан күні Қазақстан тарихы және өзін-өзі тану пәндері бойынша оқушылар өз білімдерін сарапқа салып, пәндік олимпиаданың аудандық кезеңін аяқтады. Жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттан жалпы 14 пәннен Алатау ауданы бойынша 668 оқушы білім сынағынан
Бүгін де республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі электрондық форматта жалғасуда.
21
февраль
2022
Бүгін де республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі
   №178 мамандандырылған лицейде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі бүгін де "Oqylyq" платформасында жалғасын тапты. Қазақ мектептеріндегі орыс тілі, орыс мектептеріндегі қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен білімді де білгір оқушылар білім додасына түсті. Бүгінгі сынаққа Алатау ауданынан жалпы саны 166 оқушы қатысты. Білімнің шыңына жетуге талпынған жас өркендерімізге сәттілік тілейміз!
"Балалар жылы" аясында лицейімізде 10-сынып қыздары арасында волейболдан лицейішілік турнир өткізілді.
21
февраль
2022
"Балалар жылы" аясында лицейімізде 10-сынып қыздары арасында
Өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес "Балалар жылы" аясында лицейімізде 10-сынып қыздары арасында волейболдан лицейішілік турнир өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша: І орын - 10 "Ж" сыныбы (сыйлық қоры 25 000 тг); ІІ орын - 10 "Г" сыныбы (сыйлық қоры 20 000 тг), ІІІ орын - 10 "В" сыныбы (сыйлық қоры 15 000 тг) иеленді. Бұл турнирдің өтуіне қолдау көрсеткені үшін "Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының" мүшесі Сраилов Бек мырзаға және "Ургенишбаев. У. Т" жауапкершілігі
"Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы"  пікірсайыс турнирі өткізілді.
21
февраль
2022
"Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы"
N178 мамандандырылған лицейде ақпан айының аралығында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында "Екі жұлдыз", "Тілім менің тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы" ұстаз бен оқушылар фракцияларынан құралған пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирде әртүрлі тақырыптар, тіл мәселесі, тіл мәртебесі туралы пікірлер айтылды. Турнир мақсаты: қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылар мен ұстаздар арасында берік байланыс орнату және ұстаздар мен оқушыларға пікірсайысты насихаттау