Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шымкент қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті.
28
февраль
2022
Шымкент қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық
  🎓 Республикалық «Дарын» ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Республикадан жеңімпаз және жүлдегер атанған 🥇🥈🥉 11 жас зерттеушіні №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары мен ұстаздары құрмет көрсетіп, қошеметпен күтіп алды. Лицей директоры Қ.Х. Шадиев лицейдің атынан барлық білім мен ғылымды ұштастыра білген жас ғалымдарға және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс
«Әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі
28
февраль
2022
«Әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі
    21.02.2022 - 26.02.2022жж. аралығындағы Алатау ауданы білім беру мекемелерінің арасындағы «Әлеуметтік желідегі белсенді мектептер» рейтингісі бойынша №178 мамандандырылған лицей 26 мектептің ішінде ҮЗДІК ОНДЫҚТЫҢ қатарынан көрінді! Құтты болсын!!! 1️⃣ №26ЖББМ 2️⃣ №166 МЛ 3️⃣ №154 ЖББМ 4️⃣ №180 ЖББМ 5️⃣ №156 ЖББМ 6️⃣ №152 МГ 7️⃣ №171 ЖББМ 8️⃣ №178 МЛ 9️⃣ №149 ЖББМ 🔟 №151 ЖББМ, №160 ЖББМ, №182 ЖББМ
Комбат дзю-дзюцудан өткен ҚР біріншілігінің жеңімпазы.
28
февраль
2022
Комбат дзю-дзюцудан өткен ҚР біріншілігінің жеңімпазы.
    Лицейіміздің 10 "Ғ" сынып оқушысы Окан Бектұрған комбат дзю-дзюцудан өткен ҚР біріншілігінде жеңімпаз атанды. Алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болсын! Жеңіс құтты болсын! @kairatbekshadiev @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi @zhuzelubir @edu.almaty @almaty_mektepteri
Алматы қалалық қыстық шахмат ойындарын өткізді.
28
февраль
2022
Алматы қалалық қыстық шахмат ойындарын өткізді.
     ♟ «КАИССА» шахмат өнер орталығы Алматы қалалық қыстық шахмат ойындарын өткізді. Байқауға №178 мамандандырылған лицей оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 6 «Г» сынып оқушысы Жұматай Азамат 🥈II орын, 6 «Ғ» сынып оқушысы Асетұлы Мадияр 🥉ІІІ орынға ие болды. Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!
«Лицей сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді.
26
февраль
2022
«Лицей сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді.
   26 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа баулу және де қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында «Лицей сұлтаны–2022» байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 🏆Бас жүлдені 7 "Ғ"сынып оқушысы Абдиманап Алибек алып, "Лицей сұлтаны" атанды. Сынып жетекшісі: Әуелбекова Айман.  Құттықтаймыз, қанатың ешқашан талмасын!!!
«Лицей аруы – 2022» лицейішілік байқауы өткізілді.
26
февраль
2022
«Лицей аруы – 2022» лицейішілік байқауы өткізілді.
25 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында «Лицей аруы – 2022» лицейішілік байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде 🏆Бас жүлдені 7 "Г" сынып оқушысы Ахмет Жасия алып, "Лицей аруы" атанды. Сынып жетекшісі: Батырхан Мәулетгүл. Құттықтаймыз, тек биіктен көріне
8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.
26
февраль
2022
8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында
   №178 мамандандырылған лицейдің психолог мамандары Ж.А.Агажанова, Г.Ж.Жамалова 8-сынып оқушыларымен «Мен басқалардың арасындамын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар арасындағы дау-жанжалдың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын зерттеу мақсатында «Кездесу», «Шеңбер бойындағы доп» жаттығулары жүргізілді.
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өтті.
26
февраль
2022
Физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы өтті.
   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауы барысында биыл елімізде "Балалар жылы" болып жарияланды. Сол мақсатта лицейіміздің дарынды және талантты оқушыларын қолдау мақсатында физика пәні бойынша 7-сыныптар арасында "Кім тапқыр?" сайысы кәсіпкер, "Конфедерация кубогы" жобасының жетекшісі Бақытбек Хамиттың қолдауымен өткізілді. Ал лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларымызды марапаттады. Сонымен жеңімпаз және жүлдегер
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
26
февраль
2022
II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырған II Республикалық «Абай әлемі» шығармашылық байқауының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» бағыты бойынша ақындар мүшәйрасының қалалық кезеңінен мамандандырылған лицейдің 8 «Ж» сынып оқушысы Төкен Ақжол жүлделі 1-орынды иеленді. Әдебиетті сүйіп оқитын ақын жанды шәкіртіміз аталмыш сайыстың аудандық кезеңінде де оқ бойы озып шығып,1-орынды қанжығасына
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
26
февраль
2022
«Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасы
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдары педагогтері арасында қазақ поэзиясының Хан Тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» атты жыр мүшайрасының қалалық кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы ІІІ орын иегері атанды. Дарынды және талантты ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Ермұрат Нұрғанымұлы!