Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Бауырсақ party” атты жәрмеңке өткізілді.
18
март
2022
“Бауырсақ party” атты жәрмеңке өткізілді.
     🎁 N178 мамандандырылған лицейде Наурыз мерекесі қарсаңында лицейішілік жоспарға сәйкес “Бауырсақ party” атты жәрмеңке өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кәсіпкерлікке баулу, шағын бизнес арқылы қайырымды игі іс жасап, қарияларға көмек көрсетуге тәрбиелеу. Қайырымдылық жасаудан шаршамайық!
"Адал ұрпақ" ерікті лицей клубының ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені" ашылды.
18
март
2022
"Адал ұрпақ" ерікті лицей клубының ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені"
     📌 N178 мамандандырылған лицейде "Адал ұрпақ" ерікті лицей клубының ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені" ашылды. Мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. 📌 “Адалдық дүкенінде” мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдыруда. Сатушысы жоқ дүкеннің басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетуде.
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
18
март
2022
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
      N178 мамандандырылған лицейде 22 наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттай отырып, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
«Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы мен перспективалары» тақырыбында қалалық съезд өтті.
17
март
2022
«Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы мен перспективалары»
   Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы мен перспективалары» тақырыбында Алматы қаласы математика пәні мұғалімдерінің қалалық съезі №178 мамандандырылған лицейде оффлайн форматта өтті.   ҚББЖТҒӘО математика пәні әдіскері Кадырова Салтанат Өмірзаққызы басшылығымен өткен съезде Алматы қаласы білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті.   Лицейдің математика пәні
«Мен және менің құқықтарым» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді.
16
март
2022
«Мен және менің құқықтарым» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары
  Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам - басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Осы орайда, 16-наурызда №178 мамандырылған лицейде 5-11 сынып оқушыларына «Мен және менің құқықтарым» тақырыбында түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді.
«Наурыз – жыл басы!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
16
март
2022
«Наурыз – жыл басы!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
  №178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 4-курс студенттері педагогикалық практикадан өтуде. Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Қ. Досжанова лицейде білім және тәрбие беру үдерісіне белсенді араласып, оқушыларға білім берумен қатар тәлім-тәрбие беруде. 2022 жылдың 15-наурыз күні 6-сынып оқушыларымен «Наурыз – жыл басы!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта заманауи технологиялар мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы баланың
Оқушылардың көктемгі каникулы 19-31 наурыз аралығында өтеді.
16
март
2022
Оқушылардың көктемгі каникулы 19-31 наурыз аралығында өтеді.
        Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады. Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуларына тілектеспін.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өтті.
16
март
2022
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар
✅ Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін дамыту мақсатында №178 мамандандырылған лицейдің биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Б.А. Бастерова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар өткізді. ✅ Жаратылыстану кафедрасының мұғалімдерімен өткізілген
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды.
15
март
2022
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында
     8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа қала бойынша ең мықты деген 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдер арасында №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Г» сынып оқушысы Жуматай Азамат 4 разряд бойынша I орын алса, 6 «Д» сынып оқушысы Өтелбай Нурасыл осы жарыстың жалпы есебі бойынша I орын иеленді. Оқушыларымыз қоржындарына Алтын
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
15
март
2022
«Өз жұлдызыңды жақ!» жас педагогтар байқауы.
       Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізілген«Өз жұлдызыңды жақ!» байқауында№178 мамандандырылған лицейдің физика пәнінің мұғалімі Исакова Жанар Бактиярқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Дарынды жас маманға шығармашылық табыс тілейміз.