Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Игілікті іс жобасы" аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді.
21
май
2022
"Игілікті іс жобасы" аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді.
6 "Ж" сыныбының жетекшісі Баян Бақытқызы мен сынып оқушылары "Игілікті ісі жобасы аясында Ақкент шағын ауданында тұратын көп балалы отбасыға қол ұшын созып, азық-түлік апарып берді. Жақсылықтың жаршысы болып, игілікті істеріміз көп болсын!
"АлматыБАЛА FEST" байқауының аудандық кезеңінде "Кітап білім бұлағы" тақырыбында өткізілген Жалғасбек Ару І орынды еншіледі.
20
май
2022
"АлматыБАЛА FEST" байқауының аудандық кезеңінде "Кітап білім бұлағы"
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Жалғасбек Ару "Балалар жылы" аясында 1 Маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "АлматыБАЛА FEST" байқауының аудандық кезеңінде "Кітап білім бұлағы" тақырыбында өткізілген байқауда "Менің сүйікті кітабым" бағыты бойынша қатысып, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың "Ақиқаттан аттауға болмайды" кітабын оқып, қалың оқырманға жеткізіп, І орынды еншіледі. Талантты оқушымызды Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы
"Алматы Бала FEST" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бояулар құпиясы бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 🥇 орынға ие болғаны үшін 9 "И" сынып оқушысы марапатталды
20
май
2022
"Алматы Бала FEST" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бояулар құпиясы
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Алматы Бала FEST" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бояулар құпиясы бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 🥇 орынға ие болғаны үшін N178 мамандандырылған лицейдің 9 "И" сынып оқушысы Бақытбекқызы Іңкәр марапатталды.
"Ұлт ұстазы" байқауында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдумуталипова Перизат Қосалықызы қалалалық кезеңде  ІІ орынды  иеленді.
19
май
2022
"Ұлт ұстазы" байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы педагог, мемлекет қайраткері, тіл және әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Ұлт ұстазы" байқауының аудандық кезеңінде І орын алған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдумуталипова Перизат Қосалықызы қалалалық кезеңде де өзінің озық идеяларымен көзге түсіп, ІІ орын иеленді. Дарынды ұстазымызды жеткен жеңісімен құттықтаймыз!
“Судағы қауіпсіздік”  тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
18
май
2022
“Судағы қауіпсіздік” тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-8 сынып оқушыларына “Судағы қауіпсіздік” тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: Суға шомылу кезіндегі ережелерімен таныстыру. Оқушылардың су қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
7-8 сынып ұлдары арасында БАСКЕТБОЛДАН жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
18
май
2022
7-8 сынып ұлдары арасында БАСКЕТБОЛДАН жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық “ALM🍎TY БАЛАFEST” фестивалі аясында N178 мамандандырылған лицейде 7-8 сынып ұлдары арасында 🏀БАСКЕТБОЛДАН🏀 жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру, дене тәрбиесін қалыптастыруға үйрету.
"Кім мерген?” тақырыбында асық атудан  7-8 сынып ұлдары  арасында жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
17
май
2022
"Кім мерген?” тақырыбында асық атудан 7-8 сынып ұлдары арасында
"БАЛАFEST" фестивалі аясында №178 мамандандырылған лицейде "Кім мерген?” тақырыбында асық атудан 7-8 сынып ұлдары арасында жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: оқушыларды мергендікке, дәлділікке, ептідікке үйрету.
"Алматы БалаFЕST" қалалық байқауы аясында  "Кітап  - білім бұлағы" тақырыбында лицей оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
17
май
2022
"Алматы БалаFЕST" қалалық байқауы аясында "Кітап - білім бұлағы"
"Алматы БалаFЕST" қалалық байқауы аясында "Кітап - білім бұлағы" тақырыбында лицей оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларымыз өздерінің оқыған кітаптарының мазмұнын айтып, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ тағы бір ерекше формат оқушыларымыз лицей ауласына шығып, оқыған кітаптарын белгілі бір аудиториядан бөлек ашық аспан әлемінде оқыды.
Халықаралық “Математика және жобалау” ғылыми конкурсында  лицей шәкірті Бектас Ади 1 орынға ие болды.
16
май
2022
Халықаралық “Математика және жобалау” ғылыми конкурсында лицей
12 мамыр күні 5-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық “Математика және жобалау” ғылыми конкурсында Алматы қаласының құрама командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Алматы құрамасында №178 мамандандырылған лицей шәкірті Бектас Ади 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!  
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мағжан оқулары” өткізілді.
16
май
2022
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мағжан оқулары”
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мағжан оқулары” өткізілді. Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен сайыста N178 мамандандырылған лицейдің 7 “Ә" сынып оқушылары Әуел Салтанат ғылыми жоба номинациясы бойынша үшінші орын алса, Жұманазар Айша мәнерлеп оқудан талабымен дараланды. Жетекшісі А.А.Ауелбекова. Ақындық өнерімен ерекшеленген 9 "К" сынып оқушысы Жұманазар Амангелді екінші орын иеленді. Жетекшісі П.Қ. Абдумұталипова.