Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алатау аудандық  "Алматы BALAFEST" байқауының  "Кітап білім бұлағы" тақырыбында "БУКТРЕЙЛЕР" жобасы өтті.
03
июнь
2022
Алатау аудандық "Алматы BALAFEST" байқауының "Кітап білім бұлағы"
№178 мамандандырылған лицейдің белсенді оқушылары 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық "Алматы BALAFEST" байқауының "Кітап білім бұлағы" тақырыбында ұйымдастырылған "БУКТРЕЙЛЕР" жобасына қатысып, белсенділік танытқаны үшін арнайы мадақтамаларға және бағалы сыйлықтарға ие болды. Құтты болсын! Осы іс-шараның өтуіне ат салысқан лицейіміздің мұғалімдеріне де өз алғысымызды білдіреміз! Жарайсыңдар!
Лицейіміздің дарынды оқушылары ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен  кездесті.
02
июнь
2022
Лицейіміздің дарынды оқушылары ҚР Білім және ғылым министрі
ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен! Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы бастаған лицейіміздің дарынды оқушылары 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Алматы BALAFEST" байқауының марапатталу салтанатына қатысты. Дарынды да талантты оқушыларымыз ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен жүздесудің сәті түсті.
Лицей оқушылары - "Алматы BALAFEST" байқауының жеңімпаздары.
01
июнь
2022
Лицей оқушылары - "Алматы BALAFEST" байқауының жеңімпаздары.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Білім басқармасы "Алматы BALAFEST" балалар фестивалін ұйымдастырған болатын. Фестиваль-байқауға лицейіміздің оқушылары қатысып, өздерінің бақтарын сынап, жеңімпаз және жүлдегер атанды. Робототехника, кітап оқу, хореография, "Жасыл ел" бағыты бойынша қатысып, үздіктердің қатарынан көрінді. Дарынды және талантты оқушыларымыз бен қатар жетекшілерін кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!
Лицей оқушылары "Балалар жылы" аясында "Алматы BALAFEST"  байқауының марапатталу салтанатына қатысты.
01
июнь
2022
Лицей оқушылары "Балалар жылы" аясында "Алматы BALAFEST" байқауының
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен! Лицейіміздің дарынды әрі талантты оқушылары Жалғасбек Ару мен Бекен Сезім "Балалар жылы" аясында 1 маусым - Халықаралық балаларды Қорғау күніне орай ұйымдастырылған "Алматы BALAFEST" байқауының марапатталу кешіне қатысты.
Асылбай Жалғас "AQYLDY BALA"  байқауының есеп беру кешіне қатысып, өз өнерін көрсетті.
31
май
2022
Асылбай Жалғас "AQYLDY BALA" байқауының есеп беру кешіне қатысып, өз
№178 мамандандырылған лицейдің 7 "Е" сынып оқушысы Асылбай Жалғас "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен "AQYLDY BALA" байқауының есеп беру кешіне қатысты. Ол қазақтың қара домбырасымен өз өнерін көрсетіп, көрермендер ықылысына бөленді.
Лицей оқушылары қалалық "Лига волонтер" еріктілер клубымен бірге "Тау жарыс" жобасына қатысты.
30
май
2022
Лицей оқушылары қалалық "Лига волонтер" еріктілер клубымен бірге "Тау
Лицейіміздің Вице-президенті Байжұма Бексұлтан, Дубек Нұржайна, Сәлмеке Әсем және Әлімғазы Алмар есімді 10 сынып оқушылары қалалық "Лига волонтер" еріктілер клубымен бірге "Тау жарыс" жобасы аясында "Аlmaty Marathon" жарысына ерікті ретінде белсенділік танытып, жарыстың ұйымдастыруына өз үлестерін қосты.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ технологиялық университетінің білім гранты берілді.
28
май
2022
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлеріне Қазақстан-Британ
2021-2022 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиадада №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері информатика пәнінен Даутбек Адлет, математика пәнінен Құрманбек Бексұлтан, физика пәні бойынша Еламан Арсен, Тұрлыбек Елжас және Бодыған Гауһар жүлделі орындарға ие болды. 11 сыныптың дарынды оқушылары Құрманбек Бексұлтан, Бодыған Гауһар және Даутбек Адлетке еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі – Қазақстан-Британ
Лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер шеруі өтті.
27
май
2022
Лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер
24 мамыр күні лицейде "Дарынды және талантты бала - ұлт болашағы" атты үздіктер шеруі өтті. Шеруге жыл бойы үздік оқыған 5, 6, 7, 8 және 10 сынып оқушыларын лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мақтау қағаздарымен марапаттады.  Оқуда озат болып, білімді, саналы ұрпақтың қатарында болыңыздар, құрметті оқушылар!
Соңғы қоңырау салтанатты жиынында лицейіміздің үздік мұғалімдеріне құрмет көрсетілді.
26
май
2022
Соңғы қоңырау салтанатты жиынында лицейіміздің үздік мұғалімдеріне
25 мамыр күні "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты соңғы қоңырау салтанатты жиынында лицейіміздің мұғалімдеріне де құрмет көрсетілді. 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен соңғы қоңырау кешінде қалалық, республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз және жүлдегер атанған лицей мұғалімдері ортаға шығып, салтанатты жиында лицей әкімшілігі тарапынан құрмет көрсетілді. Алдағы уақытта, келесі жылы лицейіміздің мұғалімдері жоғары биік белестерді бағындырып, кәсіби шеберліктерін
Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан "Alpha Academy" оқу орталығынан бір жылдық тегін оқу курсын ұтып алды.
26
май
2022
Лицей Президенті Мұқаш Ермұхан "Alpha Academy" оқу орталығынан бір
   №178 мамандандырылған лицей Президенті, 10-сынып оқушысы Мұқаш Ермұхан Алматы қаласы "Alpha Academy" оқу орталығынан 700 000 теңге көлемінде бір жылдық тегін оқу курсын ұтып алды. Жарайсың! Зейінің ашылып, білімің шындалып, биік белестерді бағындыра беруіңе тілектеспіз!