Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғарышкерлер" күніне арналған қала мектептерінің арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өткізілді.
21
апрель
2022
"Ғарышкерлер" күніне арналған қала мектептерінің арасында жолдастық
    "Ғарышкерлер" күніне арналған қала мектептерінің арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өткізілді. Ағылшын лигасы бойынша өткен жолдастық кездесуге N178 мамандандырылған лицей, N166 лицей, N105 және N132 гимназия командалары қатысты. Осы пікірсайыста N178 мамандандырылған лицейдің "Gen Z" тобы І орынды жеңіп алды. Ал 9 сынып оқушысы Төленді Алуа "ойынның ең мықты спикері" атағына ие болды және 10 сынып оқушысы Ахметжан Нұрбике ең адал төреші бола білді. N178 МЛ, тек қана АЛҒА, биікке САМҒА!  
2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балдың өзгергені туралы хабарлаймыз.
20
апрель
2022
2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балдың өзгергені туралы
    Талапкерлерді жоғары оқу орнына қабылдау сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде «Құқық» білім беру саласы бойынша шекті балдың өзгергені туралы хабарлаймыз. ⚖️Енді бұл мамандық бойынша оқуға қабылдану үшін кемінде 7️⃣5️⃣ балл жинау қажет. ❗МАҢЫЗДЫ: Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейі өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда, 🔹«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 7️⃣5️⃣ балл, 🔹«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету
ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
20
апрель
2022
ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен
     ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. ✨N178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Мейырым Милана осы олимпиадаға қатысып, нәтижесінде жүлделі 🥈ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Жәкі Жанат. ⚡️Шәкіртіміздің жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
7-8 сынып оқушылары арасында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
20
апрель
2022
7-8 сынып оқушылары арасында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
    Жастардың жанашыры Омарова Айкүміс Болатбекқызы мен Сейітхамза Нұрәділ мырзаның қолдауымен, "Балалар жылы" аясында бұқаралық спортты дамыту және оны қолдау негізінде 7-8 сынып оқушылары арасында футболдан лицейішілік турнир өткізілді. Сонымен жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар: І орын (10 000 теңге) иегері - 8 "А" сыныбы ІІ орын - 7 "В" сыныбы ІІІ орын - 8 "В" сыныбы иеленді. Сондай-ақ турнирде үздік номинациялар бойынша марапатталған оқушылар: "Ең үздік ойыншы" - Амангелді
«4К» моделінің даму тарихы, «4К» моделін және «Soft Skills» дағдыларын қалыптастыру құрылымы, Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері» тақырыбында  сабақ өткізілді.
19
апрель
2022
«4К» моделінің даму тарихы, «4К» моделін және «Soft Skills»
      ▶️ Алматы қаласындағы №178 мамандандырылған лицей базасында «4К» моделінің даму тарихы, «4К» моделін және «Soft Skills» дағдыларын қалыптастыру құрылымы, Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивті әдістері» тақырыбында 8 сағаттық көшпелі тәжірибелік сабақ өткізілді. Осы материалдармен Dalanews газетінен танысуға болады ⤵️
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.
19
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында
     Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Республикалық олимпиада «Ustudy» тестілеу орталығының базасында өткізілуде. ✅ Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне №178 мамандандырылған лицейдің 7 оқушысы (физика, математика, информатика пәндері бойынша) - қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысуда. ❇️ Республикалық олимпиадаға қатысып отырған дарынды да талантты оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
"Тұран" университетінің гранттарына Бодыған Гауһар (физика) мен Даутбек Адлет (информатика) ие болды.
19
апрель
2022
"Тұран" университетінің гранттарына Бодыған Гауһар (физика) мен
   “Тұран" университетінде республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылу кешінде университет проректоры Тусупова Лейла Амангельдиева "Тұран" университетінің гранттарын №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері Бодыған Гауһар (физика) мен Даутбек Адлетке (информатика) табыстады. ✴️ Білім шыңын бағындырып, мыңды жығар білімді шәкірттеріміздің алар асулары биік болсын! Дарынды оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
«Тұран» университетінің ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылуы өтті.
18
апрель
2022
«Тұран» университетінің ғимаратында жалпы білім беретін пәндер
   2022 жылдың 16 сәуір күні «Тұран» университетінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылуы өтті. №178 мамандандырылған лицейдің 25 дарынды шәкірттері, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды.  ФИЗИКА пәні бойынша: І дәрежелі диплом: Бодыған Гауһар, Тұрлыбек Елжас, Еламан Арсен; ІІ дәрежелі диплом: Амангелді Жанасыл;  ІІІ дәрежелі диплом: Ермек Олжас. МАТЕМАТИКА пәні бойынша: ІІ дәрежелі диплом:
Шахматтан "KAISSA" Академиясының ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушыларының жарысы өткізілді.
18
апрель
2022
Шахматтан "KAISSA" Академиясының ұйымдастыруымен қалалық мектеп
    8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ШАХМАТТАН "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына  №178 мамандандырылған лицейдің 7 «В» сынып оқушысы Майлин Нурлыхан 2-разряд бойынша I орынға ие болды. Жеңісің құтты болсын! Толағай жетістіктерге жете бер, Нурлыхан!
"Ұл-қызымын қазақтың Қозы мен Баяндай" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді.
18
апрель
2022
"Ұл-қызымын қазақтың Қозы мен Баяндай" тақырыбында лицейішілік байқау
    Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың күніне арналған 8-сынып оқушылары арасында "Ұл-қызымын қазақтың Қозы мен Баяндай" тақырыбында лицейішілік байқау өткізілді. Байқауда оқушыларымыз қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар әдеби шығармалардан сахналық қойылым қойып, салт-дәстүр мен әдеби шығармалардан сұрақтар беріліп, өзара мықтыны анықтады. Сонымен байқауда жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар; Бас жүлде, Гран-при - Амитбек Айбын мен Мұса Сабина және "Лицей Қозы Көрпеші" мен "Лицей Баян Сұлуы"