Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жастар денсаулық орталығы" психолог мамандары оқушыларға семинар тренинг өткізді.
24
май
2022
"Жастар денсаулық орталығы" психолог мамандары оқушыларға семинар
   №178 мамандандырылған лицейде 8-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында №29 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығы» психолог мамандары Ұ.С. Жұмабаева мен А.Т. Алемова және лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова бірлесе отырып оқушыларға семинар тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы жан-жақты мағлұмат беру. Өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Лицейде «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында  әдістемелік кеңес өткізілді.
23
май
2022
Лицейде «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің
Қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Лицейде «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбында өткен әдістемелік кеңес осының кепілі. Әдістемелік кеңес аясында «Дамыған елдердің тәжірибесіндегі үздіксіз білім беру құрылымы» панельдік сессиясы жүргізілді. Ашық сұхбатқа қатысушылар: Ғ.Ж. Шынасыл, Г.Н. Слямгалиева, Э.Ж. Рапилова, А.Б. Айдарова және Н.У. Шөпшекбаева еліміздің білім беру жүйесін реформалауда
ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
23
май
2022
ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов республикалық
2021-2022 оқу жылында Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінде №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері информатика пәнінен Даутбек Адлет, математика пәні Құрманбек Бексұлтан, физика пәні бойынша Еламан Арсен, Тұрлыбек Елжас және Бодыған Гауһар жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2022 жылдың 20 мамыр күні Ш. Уалиханов атындағы №12 гимназия ғимаратында өтті. Алматы қаласының
"Алматы БалаFEST"  фестивалі аясында "IT Хакатон" робототехника байқауы өткізілді.
23
май
2022
"Алматы БалаFEST" фестивалі аясында "IT Хакатон" робототехника
№178 мамандандырылған лицейде 2022 жылдың 19 мамырында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Алматы БалаFEST" фестивалі аясында "IT Хакатон" робототехника байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында техникалық модельдеуді насихаттау, оқушылардың робот моделін құрауда дағдыларының қалыптасуы, оқушылардың логикалық ойлауының қалыптасуы, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, балалардың адамгершілік тәрбиесі мен эстетикалық түрлерін жетілдіру, оқушылардың шығармашылық әлеуетін
Жұлдызды сәт”💥аудандық байқауда 6 "Б" сынып оқушысы Бекен Сезім I дәрежелі дипломмен марапатталды.
21
май
2022
Жұлдызды сәт”💥аудандық байқауда 6 "Б" сынып оқушысы Бекен Сезім I
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында "Алматы БAЛАFEST” фестивалі аясында 💥“Жұлдызды сәт”💥аудандық байқауында №178 мамандандырылған лицейдің 6 "Б" сынып оқушысы Бекен Сезім I дәрежелі дипломмен марапатталып, қалаға жолдама алды! Құттықтаймыз!!! Өнерің өркендей берсін!
"Игілікті іс жобасы" аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді.
21
май
2022
"Игілікті іс жобасы" аясында көп балалы отбасына көмек көрсетілді.
6 "Ж" сыныбының жетекшісі Баян Бақытқызы мен сынып оқушылары "Игілікті ісі жобасы аясында Ақкент шағын ауданында тұратын көп балалы отбасыға қол ұшын созып, азық-түлік апарып берді. Жақсылықтың жаршысы болып, игілікті істеріміз көп болсын!
"АлматыБАЛА FEST" байқауының аудандық кезеңінде "Кітап білім бұлағы" тақырыбында өткізілген Жалғасбек Ару І орынды еншіледі.
20
май
2022
"АлматыБАЛА FEST" байқауының аудандық кезеңінде "Кітап білім бұлағы"
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушысы Жалғасбек Ару "Балалар жылы" аясында 1 Маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "АлматыБАЛА FEST" байқауының аудандық кезеңінде "Кітап білім бұлағы" тақырыбында өткізілген байқауда "Менің сүйікті кітабым" бағыты бойынша қатысып, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың "Ақиқаттан аттауға болмайды" кітабын оқып, қалың оқырманға жеткізіп, І орынды еншіледі. Талантты оқушымызды Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы
"Алматы Бала FEST" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бояулар құпиясы бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 🥇 орынға ие болғаны үшін 9 "И" сынып оқушысы марапатталды
20
май
2022
"Алматы Бала FEST" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бояулар құпиясы
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Алматы Бала FEST" фестивалінің аудандық кезеңінде "Бояулар құпиясы бейнелеу өнері" номинациясы бойынша 🥇 орынға ие болғаны үшін N178 мамандандырылған лицейдің 9 "И" сынып оқушысы Бақытбекқызы Іңкәр марапатталды.
"Ұлт ұстазы" байқауында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдумуталипова Перизат Қосалықызы қалалалық кезеңде  ІІ орынды  иеленді.
19
май
2022
"Ұлт ұстазы" байқауында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы педагог, мемлекет қайраткері, тіл және әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Ұлт ұстазы" байқауының аудандық кезеңінде І орын алған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдумуталипова Перизат Қосалықызы қалалалық кезеңде де өзінің озық идеяларымен көзге түсіп, ІІ орын иеленді. Дарынды ұстазымызды жеткен жеңісімен құттықтаймыз!
“Судағы қауіпсіздік”  тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
18
май
2022
“Судағы қауіпсіздік” тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
№178 мамандандырылған лицейде 5-8 сынып оқушыларына “Судағы қауіпсіздік” тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: Суға шомылу кезіндегі ережелерімен таныстыру. Оқушылардың су қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.