Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
01
март
2023
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті базасында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өткізілуде. Халықаралық дәрежеде өткізіліп жатқан ғылыми зерттеу конкурсына №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Әубакир Іңкар, Мұқаш Ермұхан, Жалғасбек Адал және Маратова Аяжан өздерінің ғылыми жобасын
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Жиенбекова Ғалия Тохтарбекқызы 7 «А» сыныбымен «Кері итеруші күш. Денелердің жүзу шарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
28
февраль
2023
Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Жиенбекова Ғалия
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Жиенбекова Ғалия Тохтарбекқызы 7 «А» сыныбымен «Кері итеруші күш. Денелердің жүзу шарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: кері итеруші күшті анықтау, физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау, сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу.
Физика пәнінің мұғалімі Омарова Айжан Арманқызы 7 «В» сыныбымен «Кері итеруші күш» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
28
февраль
2023
Физика пәнінің мұғалімі Омарова Айжан Арманқызы 7 «В» сыныбымен «Кері
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі Омарова Айжан Арманқызы 7 «В» сыныбымен «Кері итеруші күш» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу; Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану.
Халықаралық білім беру корпорациясы лицейдің бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар жүргізді.
27
февраль
2023
Халықаралық білім беру корпорациясы лицейдің бітіруші түлектеріне
№178 мамандандырылған лицейдің 9, 11 сынып оқушыларына Халықаралық білім беру корпорациясының спикерлері бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар жүргізді. Кәсіби бағдар аясында ҚазБСҚА және ҚАУ, ҚазБСҚА колледжі және Алматы байланыс колледжіндегі білім беру бағдарламалары туралы таныстырылды. ХБК-дағы ішкі олимпиадалар мен оқу ақысына жасалатын жеңілдіктер бойынша ақпарат берілді.
Лицейде  6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе байқауы  өткізілді.
27
февраль
2023
Лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс»
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейде 6-8 сынып оқушылары арасында «Қазақ еліне мың алғыс» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
Лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өткізілді.
24
февраль
2023
Лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс
1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейде 9-сынып оқушылары арасында лицейішілік волейболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде: 🥇орын–9 д 🥈орын–9 е 🥉орын– 9 б сыныптар жеңіп алды.
7 "Ғ" сынып оқушылары  “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels түсірді.
23
февраль
2023
7 "Ғ" сынып оқушылары “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels
№178 мамандандырлған лицейдің 7”Ғ” сынып оқушылары лицей кітапханашыларымен біріге отырып, “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Ертегілер әлемінде” тақырыбында бейне reels түсірді. Мақсаты: балаларды ертегі, кітап оқуға шақыру, ертегі, бала қиялына шабыт беретінін түсіндіру.
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
23
февраль
2023
«№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау»
«Ғаламшар мен ғаламторға саяхат» тақырыбында физика-информатика кафедрасының айлығы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Жумагулова Сагила Абдуллаевна 8 «Б» сыныбымен «№7 зертханалық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты: Эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау; физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау; кВт*сағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практика
"Құқықбұзушылықты алдын алу – басты міндет" тақырыбында 7-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізілді.
23
февраль
2023
"Құқықбұзушылықты алдын алу – басты міндет" тақырыбында 7-11 сынып
N178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Б.А.Курмансейітов, Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Т.М.Халмырзаев "Құқықбұзушылықты алдын алу – басты міндет" тақырыбында 7-11 сынып ұлдарына жиналыс өткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес технологиялар" кафедрасының ПОҚ кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді.
22
февраль
2023
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес технологиялар" кафедрасының ПОҚ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Бизнес технологиялар" кафедрасының профессор-оқытушы құрамы (ПОҚ): э.ғ.д. Ә.Т.Өскеленова, э.ғ.д. М.У. Бейсенова, э.ғ.к., доцент К.М.Камали №178 мамандандырылған лицейдің түлектеріне мамандық таңдау бойынша кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді (https://www.kaznu.kz/ru/18974/news/one/36023/). Кездесу барысында түлектерге ақпараттандыру, кеңес беру, таңдау және шешім қабылдауға көмектесу және оның жеке әрі қоғамның қажеттіліктеріне де сәйкес келуі туралы кеңес берілді.